8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2021 1005 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

23  маусым – Қазақстан полициясы күніне орай қала әкімі Абат Шыныбеков елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерін құттықтады. Алдымен қызметтік міндеттерін атқару жолында қаза болған облыстық ішкі істер органы қызметкерлерінің рухына тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шарада қызметтерінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер марапатталды.

Мерекеге орай Орал қаласы патрульдік полиция батальоны алаңында өткен жиында қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы сап түзеді. Қала басшысы Абат Шыныбеков ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және кәсіби мерекемен құттықтап, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығын, қоғамдағы тіршіліктің жайлылығын қамтамасыз етуде қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз екенін атады.

–  Отанымыздың алдында абыроймен қызмет атқаруға ант етіп, анттарыңызға берік болуға уәде бердіңіздер. Сол анттарыңызды селт етпей орындауда жанқиярлықпен қызмет етіп келесіздер. Адамзаттың  сақшысы ретінде полиция қызметкері қай кезеңде де ерекше  құрметке  ие. Әр азамат полицейлерге ерекше сенім артады. Бүгінде  қаланың тыныштығын қамтамасыз етуде  24 полиция пункті мен 800-ден астам полиция қызметкері күн-түні міндеттерін атқарып жүр. Полицейлерімізге пандемияға байланысты қосымша жүктемелер де артылды. Оны да жауапкершілікпен атқарудасыздар. Мерекеге орай, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бейбіт өмірдің тыныштығын сақтау жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Абат Абайұлы. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына және Қазақстан полициясы күніне орай үздіктерді  марапаттады. «Үздік криминалист», «Үздік анықтаушы», «Үздік тергеуші» және басқа да сала үздіктеріне марапаттар мен сыйлықтар ұсынылды. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің жұбайларына, сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Қалалық полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов Қазақстан полциясында өз ісіне шын берілген, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар жұмыс жасайтынын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органының  мыңнан астам қызметкері қызметтік міндеттерін атқарудағы ерліктері, абыройлы еңбектері үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан полициясына азаматтардың  заңдық мүдделерін, құқықтарын әділетті қорғауды тапсырды. Бүгінде қала, елдімекен көшелеріндегі тыныштықтың сақталуы ішкі істер органы қызметкерлерінің  жұмысына байланысты. Қылмыспен, заңның бұзылуымен күрес жүргізуде қатаңдық қажет. Басқарма бастығының айтуынша, кейінгі жылдары қала аумағында қылмыс көрсеткіштері азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі жоғары.

– Қалалық әкімдіктің  қолдау көрсетуімен бүгінде шаһарымыздағы адамдар көп жиналатын алаңдарда, әлеуметтік нысандар мен көңіл көтеру орындарында жалпы 452 бейне бақылау жүйесі бар. Олар нақты уақыттағы жедел жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. 5 модульдік  полиция бекеті орнатылды.  Осындай жұмыстар бізді әлі де белсенді, мақсатты жұмыс жасауға міндеттейді, – деді Нұрлан Бисенов.

Салтанатты шара жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
75 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
81 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
568 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
646 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
657 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
686 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
701 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1073 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1200 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1508 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1516 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1648 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1941 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2040 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2065 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2276 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»