8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2020 970 0
Қоғам

ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДЫҢ ӘР КЕЗЕҢІ ЖІТІ ҚАРАЛУДА – ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру туралы» баспасөз мәслихатында ҚР Премъер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қашықтан оқыту балалардың, сонымен қатар ұстаздардың денсаулығын барынша сақтау мақсатында туындағанын айтты.    


Премъер-министрдің орынбасары атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәуліктік өсім бүгін 0,1 пайызды құрады. Бүгін COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап ауруларды жатын орындармен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмек шақырулары 5,5 есеге азайып отыр. Науқастардың 99 пайызы сауығып, аман-есен жанұяларына оралды. Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын және оның нақты нәтижесін көрсетеді. Десек те, әлемдегі COVID-19 жағдайы бойынша қауіп әлі сейілген жоқ. Күн сайын 250 мыңнан астам науқас және 5 мыңнан астам өлім-жітім тіркеліп отыр.

– Италия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Түркия, Ұлыбританияда соңғы айда аурудың өсуі байқалады. Сонымен қатар өзімізбен көршілес ТМД елдері арасында да мәселе бар. Ресейде бүгінгі өсім деңгейі 0,5, Өзбекстанда 0,9, Тәжікстанда 0,4 пайызды құрап отыр. Олардың бәрімен біз тығыз қарым-қатынаста отырған мемлекетпіз. Сондықтан мектептердің жұмысын, оқу процесін қашықтан оқыту бағытына ауыстыру туралы шешім сөз жоқ балалардың, сонымен қатар ұстаздардың денсаулығын барынша сақтау мақсатынан туындап отыр, – деді Ералы Лұқпанұлы.

Пандемия басталған уақыттан бері еліімзде 2400-ден астам бала коронавируспен ауырды. Қазіргі уақытта 34  бала емделуде. Осы ретте Үкіметтің міндеті балаларды қауіпті вирустан қорғау.  Осы ретте оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылардың негзгі құрамын қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданған. Бүгінде 100-ден астам мемлекет осы жүйеде жұмыс жасауда. Қазақстанда 3 млн. 400 мың оқушы болса, олардың 77 пайызы қашықтан оқыту форматында білім алып отыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші кезеңде кезекші сыныптар және аз контингентті мектептер ашылды. Жалпы 800 мың оқушы штаттық режимде оқуда.

Премъер-министрдің орынбасары бүгінгі күні Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектептердің жұмысын штаттық режимде жандандыру туралы ұсыныс түскенін айтты. Оған байланысты шешім жан-жақты қаралып қабылданбақ.

– Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қашықтан оқыту қажеттілігі туралы ескеретміз. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында карантиннен кейін балабақшалардың кезекші топтарын ашқанымызда кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан облысында және басқа да өңірлерде балалар арасында коронавирус тіркелді. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі маңызды. Оның бәрін ескеруіміз керек. Жалпы вирустың таралуы тізбегі бір баладан бастап қоғамға жетуі өте жеңіл екені белігілі. Ашығын айтқанда, бала – сынып – мектеп – ата-ана – ұжым, одан қоғамға жалғасады. Сол себепті қауіпсіздік мәселесі Мемлекет басшысының жіті назарында. Оқу процесін жалғастырудың әр кезеңі жіті қаралып, мониторинг қорытындыларын сараптау арқылы жасалып отыр.  Түсіп жатқан әр сұраққа шұғыл түрде жауап беріледі. Қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мәселе де, сұрақтар да жоқ емес, алда атқарылар жұмыстар көп. Тұрақты оқу жүйесінің тиімділігі де нәтижесі мен сапасы да артық екені белгілі. Дегенмен, балаларымызды аман сақтап қалу – негізгі міндетіміз. Балаларымыз аман болса, ертең-ақ Сәтпаевтар да, Марғұландар да шығатыны белгілі, – деді Ералы Тоғжанов.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
193 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
209 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
478 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
957 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1335 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1205 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1693 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2312 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2475 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2483 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2535 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2538 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2120 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3017 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3071 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3064 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3680 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3646 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3637 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3611 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3772 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»