8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2019 1784 0
Өзек

ОҚИҒА ОРНЫНДА МЕРТ БОЛДЫ

            «Орал-Атырау» автожолының  70-ші шақырымында, Богатск ауылына жақын маңда таңғы сағат 04.30-да белгісіз тұлға маркасы жоқ автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 1995 жылғы азаматты қағып кетіп, дереу ізін суытқан. Зардап шегуші сол мезетте оқиға орнында жан тапсырды.    

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жол апатына жол берген 1979 жылы туылған Орал қаласының азаматы екені анықталып, күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ мамырдың 25-і күні шамамен түнгі сағат 23.00-де «Самара-Шымкент» күре жолының 274-інші шақырымында, яғни Теректі ауданына қарасты Новая жизнь ауылының тұсында 1959 жылғы азамат «Тойота-Хайлюкс» көлігімен жаяу жүргіншілер жолында 1970 жылы туылған азаматты қағып кетті. Азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған. Қазіргі таңда орын алған жол апаттары бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полицейлер түнгі мезгілде жол жиегімен жүрмеу, жақын келе жатқан автокөліктің жолын кеспеу керегін тұрғындарға қатаң ескертеді. Осы орайда жарықшағылыстырғыш құралдарды киімдерге, велосипедке қондырып жүруді ұсынады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»