ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
29 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының актив жиналысы өтті. Шара барысында Батыс Қазақстан облысын ұзақ жыл басқарған, бүгінде 80-ге шыққан мемлекет және қоғам қайраткері, ел ағасы Нәжімеден Есқалиевке құрмет көрсетілді.
Нәжімеден Ықсанұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Талдықорған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Мемлекеттік қызметте жауапкершлігі зор басшылық лауазымдарды жемісті атқарып, Жетісу, Батыс Қазақстан және Көкшетау өңірлерін дамытуға күш-жігерін жұмсады. Актив жиынында сөз алғандар Нәжімеден Ықсанұлының аймақтардың экономикалық әлеуетін жақсартуға, халықтың ахуалын арттыруға қосқан үлесі зор болғанын атап өтті.
«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев киелі Ақ Жайықтың өркендеп дамуына, облыс аумағында тұратын көп ұлтты халықтың татулығы мен бірлігін, тұтастығын сақтаудағы еңбегін,, кадрларды іріктеу, тәрбиелеуде көрегендік танытқанын атады.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесі мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевке жолдаған арнайы құттықтау хатын оқыды.
Ғайса Қапақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген мерейтой иесінің азаматтық қасиеттеріне ерекше тоқталып, естеліктермен бөлісті.
Сөз алған үзеңгілес әріптестері мен достары да Нәжімеден Ықсанұлының аумалы-төкпелі кезеңде ел басқарып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарғанын атады.
Жиында мерейтой иесінің иығына ата-баба салтымен шапан жабылып, өңір басшысы болып қызмет атқарған жылдардан сыр шертер архив мұрағатынан жинақталған кітап тарту етілді.
zhaikuni.kz,
Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу