«ӨМІРІ– ӨНЕГЕ, ӨНЕГЕСІ – ӨМІР»
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қызметкерi, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Орал қаласының құрметті азаматы, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесiнiң төрайымы Шалқыма Құрманалина мерейлі 75 жасқа толды. Ғалым-ұстаздың құрметіне орай Достық үйінде «Өмірі – өнеге, өнегесі – өмір» атты кеш ұйымдастырылды. Мерейтой иесін қала басшысы Абат Шыныбеков құттықтады.
– Шалқыма Хайроллақызы жан-жақты, қоғамның белсенді өкілі ретінде жоғары құрметке бөленген жан. Десек те, ең бірінші кезекте ұстаз ретінде танимыз. Ұстаздық мамандықты таңдап, сол мамандыққа жан дүниесін берген және өз мамандығының майталманына айналған тұлға. Өзім де ұстаздар жанұясынан шыққандықтан және ата-анамның Шалқыма Хайроллақызымен әріптес-сыйлас жандар болғандығынан бала кезімнен танитын едім. Ал таныстығымның екінші кезеңі үлкен өмірге қадам басып, мемлекеттік қызметке қадам басқан кезімде жалғасты. Педагогикалық қызметінен бөлек, қоғамдық өмірде, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы барлық мәселелерді бірлесе талқылап, шешуге үлес қосып келеді. Оған да 20 жылға жуық уақыт болған екен. Алғашқылардың бірі болып, сонау 90 жылдардан бастап мәслихаттың депутаты ретінде қаланың тыныс-тіршілігіне жан-дүниесімен көңіл бөлді. Ең басты байлығы – әрине отбасы, сонымен қатар еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп жүрген, ұстазына жоғары құрметпен қарап, мақтанышпен айтып жүретін шәкірттері, – деген Абат Абайұлы Қазірдің өзінде аналар кеңесінің төрайымы ретінде ақыл-кеңесімен бөлісіп, ізінен ерген сіңлілеріне зор үлгі көрсетіп отырғанын атады. Мерейтой иесінің деніне саулық, отбасына амандық тілеп, сый-құрметін көрсетті.
Шараға жиналған кеш иесінің бауырлары Шалқыма Хайроллақызының балалық шағы, отбасы туралы естеліктерімен бөліссе, үзеңгілес замандастары қызмет еткен жылдарда жаңашылдықты енгізе білген озық тәжірибелері, бастамасымен қолға алынған жобалар туралы әңгімеледі.
Мерекелік шара ұлағатты ұстазға арналған концерттік бағдарламамен өрілді.
Өз тілшіміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу