8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2021 1985 0
Қоғам

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2021» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Оралда «Мерейлі  отбасы – 2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті. Отбасы мәртебесін көтеру мақсатындағы дәстүрлі байқауға биыл оралдық 12  отбасы қатысуға ниет танытқан. Комиссия шешімімен жеңімпаз-жүлдегерлер анықталып, кеше, 24  маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен салтанатты шарада марапатталды.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асырудағы отбасы рөлін айшықтауға бағытталған. Отбасы – адамзаттың алтын бесігі болса, ата-ана – баланың алғашқы ұстазы. Өйткені ата-ана перзентіне өмірдің құпиялары мен ғажайыптарын танытып, адам болуға тәрбиелейді. Осындай отбасы мен некенің жағымды үлгісін көрсетіп жүрген отбасылар сахна төріне шақырылып, құрмет көрсетілді. Қала басшысы Абат Шыныбеков «Мерейлі  отбасы» байқауына қатысушылардың қай-қайсысы да аға ұрпақ пен кейінгі ұрпақтың арасындағы сабақтастықты жалғастырушы, ең бастысы отбасы құндылықтарын дәріптеушілер екенін атап өтті.

– Әр мемлекеттің, қоғамның негізі – отбасы. Отбасы діңгегі мықты болса, еліміздің де тұғыры берік болады. Десек те, кейінгі кезде отбасы тәрбиесінде жіберіп алған тұстарымыз болды. Мемлекеттің жарқын болашағы үшін отбасының беріктігін, өміршеңдігін, сабақтастығын сақтау маңызды. Қала бойынша өткен жылдары 2000-нан астам көпбалалы отбасы болса, бүгінде 3900-ден астам көпбалалы отбасы бар. Бұл – біздің жетістігіміз. Ең бастысы болашағымыздың саналы тәрбие, сапалы білім алуын қамтамасыз ету маңызды. Байқауға қатысқан отбасылар үлкенін құрметтеп, өздері  құрған шаңырақтағы махаббат пен сыйластықты  сақтап, ілесіп келе жатқан балаларына жақсы үлгі көрсетіп жүр.  Байқауға қатысу кезеңінде талаптарын бірлесе орындау, құжаттарын жинаудағы бірліктерінің  өзі көпке үлгі. Ендеше, осындай мерейлі отбасыларымыз көп болсын, – деді Абат Абайұлы.

Байқауға қатысқан Тыныштықовтар, Федоровтар, Қабыкешевтар, Жұмагелдиндер, Есқалиевтер, Бисалиевтер, Серіковтер алғыс хатпен марапатталды.

Үлгілі отбасылардың бірі Қаленовтар – байқаудың үшінші орнын иемденді. Аталған шаңырақтың егесі Алтынбек Қаленов – спортта жүлделері мол мұғалім. Бүгінде жеке кәсіпкерлікте. Жұбайы  Фарида – үй шаруасында. Отбасында  6  бала тәрбиеленуде.

Өнерлі отбасы Ахметовтарға ІІ дәрежелі диплом берілді.   Отағасы Ерікқали Меңдібайұлын өңір халқы айтысты жүргізу шеберлігіне байланысты «Батыстың Жүрсіні»  атайды, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған. Ал жолдасы Жұпар Мақсотқызы – «Сервис және Жаңа технологиялар» колледжінде ел болашағы  жастарды тәрбиелеу жолында зор еңбек етіп келеді. Үш бала тәрбиелеп отырған Ахметовтар өнерлі отбасы ретінде белгілі өнер шеберлерінен бағасын алып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қоғамға сүбелі үлес қосып келеді.

Өткен жылдың қорытындысында облыстағы «Үздік  волонтер отбасы» атанған көпбалалы Арыстановтар І орын алды. Отағасы Қанат Сансызбайұлы – былтыр Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  орай өткізілген байқауда жүлдегер атанған болатын. Жұбайы Айнұр Серікқызы – карантиндік жағдайда көп балалы отбасыларға көмектескені үшін «Халық алғысы» медалімен, Елбасы, облыс әкімі, қала әкімінің атынан алғыс хаттармен, қалалық «Үздік волонтер» дипломымен марапатталған. Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауына үздік шәкірт дайындағаны тағы бар.

Байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесіне Хайретденовтар  отбасы лайық деп танылды. Отағасы Арман Газимұлы – мал шаруашылығын дамытуға ден қойған кәсіпкер. «Невада-Семей» ядролық сынаққа қарсы қозғалысы БҚО филиалының «Құрмет грамотасымен», Тұңғыш Президент күніне орай БҚО әкімінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталып, Қаратөбе ауданының «Жомарт жүрек – 2020» премиясын иеленген. Жұбайы Марина Ғарапшақызы – №2 қалалық соттың судьясы. Жұмыстағы жетістігі негізінде БҚО әкімінің алғыс хатыменҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің  алғыс хатымен марапатталған. Бұл отбасы осыдан 19  жыл бұрын дүниеге келді. Бүгінде Арман мен Марина 2 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Хайретдиновтар байқаудың облыстық кезеңіне қатыспақ.

Жеңімпаз-жүлдегерлер және қатысушылар «Талап» акционерлік қоғамы, «Отан» аэроклубы, «Континент» сауда үйі, «Nur Otan» партиясы, «Типограф», «CHESTER pub» мейрамханасы мейрамханасы, салауатты өмір салты академиясы, «До-до» пиццериясы, ORIFLAME компаниясы, «Орал Таза Сервис» ЖШС, 125 HIGH SCHOOL мектебі, «BACKSTAGE» сұлулық салоны, SU+ демеушілігімен ұсынылған сыйлықтар мен сертификаттарға ие  болды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
490 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
569 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
572 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
608 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
623 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
993 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1156 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1431 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1439 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1570 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1863 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1962 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1987 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2198 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»