8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2020 1075 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ ПОСТТАРЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Алғашқы ақпараттық банерлер Орал қаласында орнатылды.

Жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған посттардың ашылу салтанатында республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов бұл жобаның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық бақылауды күшейтуге көмектесетіндігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз етуге және қызмет көрсету процесінде адами факторларды болдырмайтындығын атап өтті.

«Мемлекеттік органдар  өз қызметтерін  «жедел және кедергісіз» қағидаты бойынша қайта құруы қажет. Яғни, қазақстандықтар өздерінің сұрақтары мен өтініштерінің жауабын сол күні алуы тиіс. Егер уақытылы ақпарат берілмесе, онда қызмет алушылар ақпараттық постта көрсетілген нөмірлер бойынша жүгіне алады», – деді Төлеген Байғұлов.

Қызмет алушылар мемлекеттік қызметтер сапасыз көрсетілгенде, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан этикалық нормалар бұзылғанда, барлық салада әуре-сарсаңға салынатын және басқа да заңсыз іс-әрекеттер фактілері туралы аудио, бейнежазба және ақпараттық мәтін форматында бөлісе алады. WhatsApp нөмірінен басқа, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 1424 кол-орталығының нөмірі арқылы хабарлауға да болады.

Келіп түскен барлық шағымдар республикалық деңгейде қарастырылып егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»