МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛҒАН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР
Өңірде шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау да зор, даму деңгейлері билік назарында. Осы ретте бүгін, 1 қазан күні облыс басшысы Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков жаңадан жұмысын бастаған кәсіпорындарда болып, тынысымен танысты.
«Uralsk Trade Company» сүт өндірісі зауыты 1 ай бұрын іске қосылған. Жаңа зауытта Беларусь Республикасынан жеткізілген құрғақ ұнтақтан сүт дайындалады. Өнім 25 градусқа дейінгі температурада 6 айға дейін сақталады. Келешекте өндіріс көлемі мен өнім түрлері көбейтіледі. Ол үшін сүт қабылдау орны ашылмақ. Ол үшін база, инфрақұрылым бар. Зауытқа әзірге 30 адам жұмысқа қабылданған. Жоба толықтай іске қосылған кезде жұмысшылар саны 100-ге жеткізіледі.
– Зауыт тәулігіне 116 тонна сүт дайындауға қуатты. «Зорькин луг», «Молоково» тауарлық белгісін қолданып келеміз. Қазіргі уақытта «Уральская» тауарлық белгісін патенттеуге ұсындық. Осы «Уральская» белгісімен шығатын өнім тек табиғи сүттен болады. Сүт қабылдау орнын ашсақ, айран, сүзбе өндіреміз, – дейді кәсіпорын басшысы Саяхат Ғабдуллин.
Бұл жобаның құны – 1 млрд. теңге. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша «Даму Қоры» арқылы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 300 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілген.
Ал облыс орталығында осыдан төрт жыл бұрын жұмысын бастаған «Eurasian Trend» ЖШС ішкі есіктер дайындаумен айналысады. Бүгінде кәсіпорында бес цех жұмыс жасап тұр, 80 адам қызмет етеді. Тәулігіне 200 есік шығарылады. Жобаны бастауда кәсіпорын басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму Қоры» арқылы 350 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Болашақта өндіріс көлемін арттырып, айына 10 мың есік дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар қазір корпустық жиһаздар дайындау қолға алынуда.
– Шикізатты Ресейден, Еуропадан алдыртамыз. Әлі де дамытып, өнім көлемін көбейткіміз келеді. Бірақ, қазіргі уақытта ғимаратты жалға алып отырғандықтан, мүмкіндік болмай тұр. Мемлекеттік көмек қажет. Өзіміз үшін цех салуға коммуникациялық желілері тартылған жер берілсе, жоспарымызды толықтай жүзеге асыра алар едік, – дейді кәсіпорын басшысы Биболат Хайрушев.
Есік жасауға МДФ, ағаш, ПВХ пленкалары, желім, шыны пайдаланылады. Ішкі есіктердің 20 түрі жасалады. Экологиялық таза. Дайындалған есіктер Орал қаласымен қатар тапсырысқа сай басқа өңірлердің нарығына жөнелтіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу