МАНСҰРДЫҢ АТЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ

Қазақта аты шыққан сыршыл композиторлар мен әншілер жеткілікті. Соның ішінде қазақ сахнасынан ойып тұрып орын алған, музыка әлемінде өзіндік кредосы бар Халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мансұр Сағатов тірі болса, биыл қаңтарда 80 жасқа толар еді.
Қазақ өнерінің, соның ішінде классикалық музыканың королі Мансұр Сағатов 1939 жылы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ес жиған бала Ұзынкөл ауылындағы Қанайдың «Көк үйіндегі» төрт жылдық бастауыш сыныпты аяқтаған. Анасы Дархан марқұмды Ұзынкөл ауылының көнекөз тұрғындары жақсы біледі. Мансұр аға 1963 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдайды. Қазақ радиосы музыкалық редакциясының редакторы, бас редакторы, директоры қызметін атқарады. 1974-1986 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі жанындағы репертуарлық-редакциялық бөлімнің музыка жөніндегі аға редакторы болады.
Ол шекті аспаптар квартеті үшін сюита, виолончель мен фортепианоға арналған экспромт, қазақтың халық әні «Ләйлімнің» негізінде варияциялар жазды. Симфониялық оркестрге арналған бірнеше сюита, кантаталары бар. Композитордың «Туған ел», «Алматым менің», «Бақыт құсы», «Той кеші», «Мені ізде», «Кел, биле», «Кешегі арман – он жеті» сияқты көптеген әндері мен романстары халық арасында кеңінен таралған.
Мансұр Сағатовтың «Алматым менің» әнінің шығу тарихы былай болған деседі. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сазгер, жары Халила мен екі жасар ұлы Айдос (әнші Айдос Сағатов) үшеуі Алматыдағы Төлебаев көшесінің бойымен қыдырып келе жатады. Кешқұрым уақыт. Айнала ақ ұлпаға оранған. Жары мен ұлы сырғанақ теуіп, қармен ойнау үстінде. Ал сазгер нағыз өнер иесі ретінде әрі-бері жаяу жүріп, ыңылдап, көкейіндегі әуенді қайталай берді. Бір кезде жарына: «Тезірек үйге қайтайық! Мен мына әуенді жазып алуым керек, болмаса есімнен шығып кетеді» деп дереу үй жаққа беттейді. Үйдің табалдырығын аттаған бойда, сыртқы киімін шешпестен бірден күй сандыққа отырып, әсем әуенді дүниеге әкеледі. Телефон тұтқасын алып, ақын досы Нұрсұлтан Әлімқұловқа хабарласады. «Нүке, мен жаңа әуен жаздым. Бұл әнді Алматыға арнағым келеді. Мәтін осыған байланысты болуы керек» деп досынан өлең жазып беруін сұрайды. Әңгіме соңында «Қыз Жібек пен Баяндай» деген сөздер болуы керектігін айтады. Көп ұзамай мәтін дайын болып, «Алматым менің» әні дүниеге келді. Сол мезетте жазылған ән Алматының әнұранына айналды.
Мансұр Сағатов әнші Ескендір Хасанғалиевтің кабинетіне келіп, пианиноның сүймелдеуімен жаңа әнді орындап береді. Әннің қатты ұнағаны соншалықты, «әдемі әннің алғашқы орындаушысы болайын» дейді Ескенді аға. Көп ұзамай ән жазылып, радиодан беріле бастайды. Халық жаңа әнді жылы қабылдайды. Кейін ән мәтінінің орысша нұсқасын ақын Георгий Брегин жазады. Әннің орыс тіліндегі нұсқасын ел Лаки Кесоглудың орындауында тыңдайды. Әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің айтуынша, КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толуына орай Бүкілодақтық ән байқауы жарияланады. Байқау барысында әділқазылар алқасы «Алматым менің» әнін жоғары бағалап, 1973 жылдың 11 қаңтарында Мәскеу қаласында осы әнге жазған сөзі үшін Нұрсұлтан Әлімқұловты «Құрмет» грамотасымен марапаттайды. Әнші Лаки Кесоглу туған жерге арналған «Алматым менің» әуезді әні 70-80 жылдардағы Алматыны бейнелейтіндігін, талай жыл бұрын жазылған әнді қалың көпшілік кімнің орындауында болмасын әлі күнге ерекше сүйіп тыңдайтындығын айтады.
Мансұр Сағатов тек музыка саласына ғана емес «Қазақфильмінің» дамуына да өзінің сүбелі үлесін қосқан қайталанбас нар тұлға. Ол Ақ Жайық өңірінде түсірілген «Қыз Жібек», «Домбыраға қол соқпа» т.б фильмдерге әрлеуші музыка жазған. Сазгер 2002 жылы бақилық болады. Дүние салғаннан кейін араға алты жыл салып Алматы қаласындағы «Алты Алаш» ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы төртінші сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 14 шілдедегі бірлескен қаулысы негізінде «Алты Алаш» ықшамауданы көшелерінің біріне Мансұр Сағатовтың есімі берілді.
Республика көлемінде Мансұр Сағатов атындағы көшеден басқа бір мәдени ошақ жоқ. Биыл М.Сағатов туылған Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылының типтік жобада салынған Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Композитордың 80-жылдығына байланысты сол мәдениет үйіне М.Сағатовтың есімі берілсе жөн болар еді…
Нұрлан ЕДІГЕНОВ

Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу