МӘМС: сұрақ – жауап
Студентпін, бірақ заңды түрде екі жұмыс істеймін. Міндетті медициналық сақтандыруға аударымдарды ұстаудан бас тарта аламын ба немесе оларға тек бір жұмыс орнымнан төлем жасауға болама?
Егер Сіз күндізгі бөлімде оқитын болсаңыз, онда 15 жеңілдік санатына ие азаматтардың қатарына жатасыз, жұмыс беруші Сіз үшін аударымдар жасамауға және жалақыңыздан міндетті медициналық сақтандыру үшін ұстап қалмауы тиіс. Егер Сіз сырттай оқитын болсаңыз, онда төлем барлық кіріс көздерінен болуы керек, ал аударымдар мен жарналар ұсталатын максималды табыс 10 ең төменгі жалақыдан аспауы керек.
Ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшеріндегі кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарна төлеу талап етілмейді, егер ондай жарналардың төленгенін растайтын құжат болса.
Мұндай құжат жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған, есептелген және төленген жарналардың мөлшері туралы анықтама болып табылады.
Медициналық сақтандырусыз еңбекке жарамсыздық парағын ашуға бола ма?
Еңбекке жарамсыздық парағы – бұл адамның ауруы, жағдайы немесе жарақатына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығын растау. Егер пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, онда ол ауруы бойынша демалысты МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне кірмейтін маманға бару арқылы ала алады. Алайда, егер тағайындалуы міндетті медициналық сақтандыру немесе басқа диагностикалық, зертханалық қызметтер есебінен қаржыландырылатын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздығын растау үшін дәрігердің қорытындысы қажет болса, ондай науқас кез-келген қол жетімді тәсілмен сақтандыру мәртебесін алуы керек.
Шетел азаматтары Қазақстанда медициналық қызметтерді қалай ала алады?
Тұрақты тұрғындар
Негізі: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен стационарлық көмекті қамтуға арналған ерікті медициналық сақтандыру шарты («Көші-қон туралы» ҚР Заңының 35-бабы)
Қандай көмек алуға болады:
1. Емханаға тіркелу тұрғылықты мекен-жай бойынша
2. Медициналық қызметтерді толық көлемде алу, соның ішінде – жедел жәрдем, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, амбулаториялық,
стационарлық, стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Балаларға медициналық көмек ата-аналарының тұруға рұқсаты негізінде жүзеге асырылады
ЕАЭО елдерінің уақытша тұратын азаматтары
Негізі: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен стационарда медициналық көмек көрсетуге арналған ерікті медициналық сақтандыру шарты (Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңының 35-бабы)
Қандай көмек алуға болады
1.Тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға тіркелу
2.МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер
—дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
—аурухана,амбулаториялық,стационарлық жағдайларда медициналық көмек
Өзгелерге қауіп төндіретін ауруларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтығы және сақтандыру мәртебесінің болу-болмауына қарамастан көрсетіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Кіру
Пікір үстеу