8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2021 1085 0
Қоғам

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН.ТЕҢГЕДЕН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден астам қаражат беру ұсынылды.

Қалалық мәслихат шешімінің жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды. Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, астаналық ардагерлерге 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек. «Сондай-ақ осы жылы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден (2 300 доллар Sputnik ) беріледі», – деп жазылған шешім жобасына түсініктеме хатта. Шешім жобасы мақұлданған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 миллион 194 мың теңге бөлу қажет болады.

Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.  Айта кетейік, 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығын тойлауға байланысты Нұр-Сұлтанда 44 ардагерге бір миллион теңгеден берілді. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлері және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (405 адам) 75 мың теңгеден үлестірілді. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілгендерге, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болға ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне (3 529 адам) 32,5 мың теңгеден берілді. Жеңістің 75 жылдығында жасалған төлемдердің жалпы сомасы 190,3 миллион теңгені құрады.

https://kaz.nur.kz/society/1899029-uly-otan-sogysy-ardagerlerine-1-mln-tengeden-beru-usynyldy/?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
89 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
81 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
84 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»