Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты қандай?
Күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты пациенттерден түрлі сұрақтар түседі. Осыған байланысты Қор филиалының сарапшылары медициналық ұйымдар ұсынатын медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ науқасқа медициналық қызмет көрсетілмеу себебін тексереді.

Медициналық ұйымда қызмет көрсетуге қатысты түсініспеушілік туындаған жағдайда, пациенттер өз мүдделері мен құқығын қорғау үшін қайда жүгіну керек екенін білуі үшін, Қор «пациент құқықығын қорғаудың 6 тәсілі» деген жадынама-кеңес әзірледі.
- Мәселені шешудің жылдам және ыңғайлы тәсілі – мән-жайды сол жерде талқылап, түсінуге тырысыңыз. Ол үшін әрбір медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол медициналық қызметтің сапасын, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасына және клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртіптің бұзылуын анықтайды. Сондай-ақ, азаматтардан келген өтініш, шағымдарды қарайды. Сондықтан, уақыт жоғалтпай бірден пациентті қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды сол жерде шешуге, көмек пен ақпарат алуға болады.
- Егер пациентті қолдау қызметі түйіткілді шеше алмаса, сіздің мәселеңіз медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты болса, онда денсаулық сақтау басқармасының байланыс-орталығына жүгініңіз. Облысымыздың барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына қарасты, сондықтан байланыс-орталығының қызметкерлері ұйымға тікелей хабарласып, мәселені шешуге ықпал ете алады.
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кері байланыстың бірнеше түрі бар. Мысалы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (Play Market және App Store орнатуға болады) өтініш қалдыруға болады. Өтінішке нөмір беріледі, содан кейін өңдеуге алынады. Оны Қор мамандары қарайды. Олар медициналық ұйыммен байланысқа шығып, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
- Телефонға қосымша орнатуды ұнатпайтындар үшін Telegram-да Saqtandyrubot арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. «Басты мәзір» пәрменін басқаннан кейін бірнеше бөлім бар. «1406-ға өтініш жіберу» пәрменін таңдасаңыз, Бот «Өтінішті жіберу» және «Өтініштер тарихын» ұсынады, осылайша өтінімнің мәртебесін тексеруге болады. Өтініште бот командаларына сәйкес өңір, медициналық ұйымның атауы және мәселенің мәні көрсетіледі.
- 1406 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қоңырау қабылдайды және өтініштерді үш деңгейлі модель бойынша қарастырады. Бірінші деңгейге консультациялық сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшінші деңгейде егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер қаралады. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
- Ресми сайтты пайдаланушыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтына кіріп өтініш жасаған ыңғайлы. «Халықтық бақылау» бөлімінен қажетті тапсырманы таңдайды: шағымдану немесе ұсыныс қалдыру. Бірінші жағдайда аймақ, емхана, диагноз, келу күні, ЖСН нөмері көрсетіледі және шағымның себептерінің бірі таңдалады. Ал ұсыныс қалдырғанда, бос өрістерге деректерді толтырып, мәтінді тұжырымдау керек.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындармен байланыс орнатуға ынталы. Пациенттердің өтініштері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері көрсететін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу