8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2020 1196 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАН ҚАШАН ӨТЕДІ?

Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеуде. Бірінші, инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексерді және 2020 жылғы 15 мамырда өз тізіміне енгізді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, екінші рекомбинантты суббірлікті вакцина, үшінші рекомбинантты векторлық вакцина дайындалуда. Кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде. 2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Тышқандардағы қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді. Министрдің  сөзінше, Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі.

«2020 жылғы 10 маусым мен 23 маусымда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. 2020 жылғы маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығы, сондай-ақ күзен мен алтын сириялық алақоржынның иммуногендігі зерттеледі. Кейін 2020 жылдың қыркүйек айында клиникалық зерттеулерді бастау жоспарланып отыр», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
91 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
86 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»