КҮТПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРДЫМ…
Коронавирус эпидемиясы біздің елімізге батпандап кіргеніне 1 жылдан астам уақыт өтті. Бұрын ешбір елде кездеспеген індет дүние жүзіне жайылды. Облысымызда жұқпалы індетті жұқтырғандар көбейді. Ақ халатты абзал жандар белгісіз ауруға қарсы жедел қимылдап, араша түсті. Ауруханаларда орын, емдеуге дәрігер мамандар мен қажетті дәрі-дәрмектер жетіспей, оттегі конденсаторлары, өкпеге дем беру құрылғылары жетіспей, жүздеген жерлесіміз тажал тырнағына ілініп, біраз отбасы жақындарынан айрылып, қара жамылды.
Ел-жұрт арасында үрей-қорқыныш көбейді. Пандемия облыс аудандарына түгелдей таралғанда алдыңғы шепте дәрігерлер тұрды. Өз өмірлерін қатерге тігіп, күндізтүні ауруларды емдеді. Кейбір дәрігер-мейіргерлердің өздері де осы вирусты жұқтырды. Ақпарат құралдары жазып, теледидардан індетке қатысты түрлі ақпараттар хабарлануда. Індет жұқтырудан сақтану жолдары – көпшілік орындарға бармау, бетперде тағу, қызу көтеріліп, жөтелгенде, әлсіздік болған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керектігі айтудай айтылып, ескертпелер жасады. Бірақ, оны бұлжытпай орындап жүрміз бе? Ол бөлек әңгіме.
… 26 қаңтар күні түнгі сағат 1.30-да жедел жәрдем шақырдым. Жәдел жәрдем фельдшері Гүлмира Үмбетқалиева демидрол-анальгинмен екті. Қызу шыдатпағаннан кейін кешкі 17.30 шамасында тағы жедел жәрдем шақыруға тура келді. Тасқала ауданы ауруханасына түстім. Ауруды анықтау үшін алынған ПТР-тест талдауының қорытындысында коронавирусты жұқтырғаным белгілі болды. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Надия Мәдиқызы облыс орталығына жолдап, жаңа модульдік ауруханадан бір-ақ шықтым.
Жұқпалы аурулар ауруханасы болғандықтан, ешкіммен қатыстырмайды. Емделіп жатқандарға әкелген ас-суды қызметкерлер сырттан алып қалып, бізге жеткізеді. Санитарлық ережелер қатаң сақталады. Сырттағы адамдар медицина мамандарының науқастарды қалай емдеп жатқанынан хабарсыз екендіктері түсінікті. Мен ауруханада емделіп жатып, ақ халаттылардың құрметті де қиын жұмыстарының куәсі болдым.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 2016 жылдан бері директор қызметін атқарып келе жатқан Надия Ахметова модульдік аурухананың өңірде вирусты індет тез таралып, наусқастардың көбеюіне байланысты үш ай ішінде салынғанын айтты. 180 стационарлық, 20 реанимациялық орынға есептелген. Ауру таралған алғашқы кезде қиын жағдайлардың бірі – осы орын тапшылығы болатын. Бұл науқастарға уақытылы ем-дом жүргізуге кері әсерін тигізгені де рас. Дәрігерлердің де ем жасауға тәжірибелері аз болғанын мойындауымыз керек. Қазіргі уақытта дәрігер-инфекционистер мол тәжірибе жинақтады. Альбина Бауыржанқызы, Камилла Нәсіпқалиқызы, Ербол Болатұлы, Раиса Темірханқызы, Еркін Серікұлы – үлгілі, білікті дәрігерлер. Жаңа жабдықтармен жұмыс істеуге дайын, курстардан толық өткен.
Күтпеген жағдайда вирустың ауыр жағдайына кезіккен мен басқалар сияқты алаңдаушылық сезімде болғанымды жасырмаймын. Басыма түскен қиыншылықты жеңуге тырыстым. Осы кезде емдеуші инфекционист-дәрігерлерім Альбина Бауыржанқызы мен Камилла Нәсіпқалиқызының маман ретіндегі ем жүргізуі, жылы сөздерімен қолдауы шипа болып қонды. Өз мамандықтарын жете меңгерген, науқастармен жақсы қарым-қатынас жасай білетін, ілтипатты жандар. Жағдайымды ұдайы бақылауда ұстады. Мен де олардың қойған талабын бұлжытпай орындадым. Дәрігерлерім айтқандай, «қалай да ауруды жеңемін, жазыламын» деп ниет қойдым. Өкпедегі қабынуды емдеп, тыныс жолдарымның қабынуының алдын алды. Осылайша дерттің беті қайтты.
Індеттің шеңгеліне ілігіп, сырқаттанып жатқанда бір ауыз жылы сөздерін білдіріп қолдау үшін хабарласқан ат үстінде жүрген ауыл азаматтарына, замандасжолдастарға, қарттарға рахметімді айтамын.
Жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Надия Ахметоваға, дәрігерлер Камилла Аманғалиева мен Альбина Жошиеваға, модульдік аурухана ұжымына ерекше алғысымды жеткіземін.
Бисенбай ӨТЕГЕНОВ,
зейнеткер Тасқала ауданы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу