«ҚИЫН ҚЫСТАУ ЖАҒДАЙДА АЛДЫМЕН БЕРЕКЕ-БІРЛІК КЕРЕК»
Елбасының халыққа жолдаған Үндеуі – қазақ көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзі – мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.

Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. «Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы қай елге болсын оңайға тиіп отырған жоқ. Осындай қиын қыстау жағдайда бізде алдымен береке-бірлік керек. Елбасы айтып кеткендей, ата бабамыз бұдан да қиын талай заманды бастан кешірді. Одақ ыдырап тәуелсіз ел болған жылдары талай қиындық бастан өтті. Бірақ Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазақ елі бүгінгідей даму деңгейіне жетіп отырмыз! Қазіргі таңда ғаламтордың қолжетімділігі арта түскен уақытта білім беру мен оқытуды ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Қашықтан оқыту форматында тиімді оқыту үшін міндетті үш компонент қарастырылуы тиіс: бейнесабақтар (теледидар, ғаламтор және түрлі платформалар), мектеп оқушылары мен студенттер өз бетінше жұмыс жасауы, орындалған тапсырма бойынша ұстазбен кері байланыс жасауы. Сондай-ақ, қашықтан оқытудың маңызды бөлігі, оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мүмкіндігі болып табылады. Әрине, үйден оқыту белгілі бір өзіндік тәртіп пен өзін-өзі реттеуді талап етеді. Қашықтан оқытуды енгізу – барлық білім беру жүйесі үшін үлкен жаңалық. Қазіргі таңда жеті мыңнан астам мектеп жаңа форматқа ауысуға тиіс болып отырған жағдайда педагогтар мен ата-аналардың тарапынан туындаған алаңдаушылықты түсінуге болады. Ата-аналар үйде оқытуды ұйымдастыру мен барлық пән бойынша бағдарламаны толық меңгеруді бақылау құзыреттіліктерін жеткіліксіз деп санайды. Мұғалімдер жауапкершілік жүгін: онлайн сабақ жоспарын әзірлеу, ал ол әдеттегі жоспардан ерекшеленеді, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне түсінікті ресурстарды таңдау, ол жұмысты бағалауды, жеке немесе топтық онлайн кеңес өткізуді игере алмай қалуды уайымдайды. Әрине, жаңа дүниенің киындығы мен қызығы қатар жүретіні белгілі, бірақ бұл біздің елдің ғана алдында тұрған мәселе емес. Тіпті бөлім басшылары екі апта бұрын «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты екі тілде вебинар өткізді. Мұндағы жағдайдың басты артықшылығы – олар аз уақыт ішінде игеріп, барлық қашықтан оқыту технологияларын енгізуді инновацияны қолдау деп қабылдайды.
Бүгінде әлемге қауіп төніп отырған сын сағатында алдымен халықтың ішкі ынтымағы берік болуы тиіс. «Пандемия – ақыр заман емес. Ол да кетеді. Одан кейін адам да, заман да өзгермек. Жаңа әлемге жаңа кәсіп пен білім қажет. Бәріміз оған лайықты өз орнымызды табуымыз қажет. Жүректегі ақыл, білектегі күш, ынта мен жігерді қоса ұстасақ, бар қиындықты жеңеміз! Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сан алуан қиындық пен дағдарысты Елбасымен бірге бастан өткердік. Бүгінгі қиындықтан да өтеміз. Аман болайық. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін!», – деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Анархан ҚҰТТЫҒАЛИЕВА, PhD докторанты
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу