ХАЛЫҚ САНАҒЫ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРҒА 87 СҰРАҚ ҚОЙЫЛАДЫ
Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді.
Биыл ұлттық халық санағында санақ парақтарына енгізілген сұрақтар саны айтарлықтай толыққан. 67 сұрақ және 20 нақтылайтын ішкі сұрақтар енгізілген. Яғни, ұлттық халық санағын өткізу кезінде Қазақстан азаматтарына 87 сұрақ қойылады.
– 2009 жылғы санақтан айырмашылығы тілді білу, отбасылық жағдай, бала туу және жұмыспен қамту мәселелері кеңейтілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Вашингтон тобы мүгедектік статистикасы бойынша ұсынылған денсаулық сақтау статистикасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған, халық санағында қолдануға жарамды мүгедектік критерийлеріне бағытталған жаңа сұрақтар бар, – деп толықтырды Болтай Әлімбаева.
Ұлттық халық санағы санақ парақтары бойынша өтеді. «1-ПП «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» парағына елде тұрақты тұратын, уақытша болмағандар мен уақытша тұратындар және (немесе) келушілерді қоса үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттер енгізіледі. Сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 12 айдан кем жүрген респонденттер қамтылады. «2-Ж Тұрғын үй жағдайлары» парағы әр үй шаруашылығының тұрғын үйінің жағдайларын сипаттайды. «3-И Жеке» елде тұрақты тұратын, уақытша жоқ және уақытша тұратын немесе келгендерді қоса, үй шаруашылығының құрамына кіретін әр респондентке толтырылады. «3-И Жеке» санақ парағының жобасы тоғыз бөлімнен тұрады. Бұлар – жалпы сипаттамалар, этномәдени сипаттамалар, білім және сауаттылық, көші-қон, некелік жағдай, туу, жұмыспен қамтылу, күнкөріс көздері, тіршілік қызметінің шектеулері. «4-В Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) парағы шетелде тұрақты тұратын, бірақ уақытша Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әр респондентке толтырылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу