8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2021 2832 0
«Жайық үні» — 30 жыл

ЕСҚАЛИ АҒА ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

 

 

2011 жылы жазылған бұл мақалам ҰОС-ның ардагері, прокуратура саласының майталманы Есқали Мұқановқа арналған болатын. Күйеу баласы Беркінғали Ғабделов Есқали Мұқановтың 1944 жылы Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылғаны туралы дерек архив құжаттарында сақталғанын мәлім етті. Бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында белгілі болған.

Автор.

 

«Тура биде туған жоқ» демей ме халқымыз. Көзінің тірісінде адалдықтың ақ туын биік ұстап, азаматтық болмысынан айнымай, ұзақ жылдар облыстық прокуратура саласында қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагері  Есқали Мұқановты кім білмейді?! Отанын жаудан қорғап, кеудесіне екі мәрте  «Қызыл жұлдыз», ІІІ-дәрежелі «Даңқ», «Қызыл ту» ордендерін таққан ардагер егер арамызда аман жүрсе, Ұлы Жеңістің алпыс алтыншы көктемін де көрер ме еді?..

Дегенмен, барға қанағат дейік. Өйткені Есқали аға ерлігі мен еңбегінің арқасында  бейбіт заманның  шаттығына кенелді.  Еліне, халқына адал қызмет етті. Өмірден өткеніне он жеті жыл болса да абзал азаматын ешкімде ұмытқан жоқ. Соның бір дәлеліндей – Астана қаласындағы Бас Прокуратураның музейінде мына бір суреттегі қызметтік кителі  ілулі тұр. Есқали Мұқановтың кеудесіне сұққан бұл киімін көзіндей көріп, қастерлеген әріптесі, ұзақ жыл заң саласында бірге қызмет атқарған Молдағали Уапов әдейі музейге апарып аманат етіпті. Тірісінде сыйласқан, көз көрген деген осы ғой. Және бұл бастаманың жүзеге асуына  қыз-күйеуі Айгүл мен Беркінғали да ықпал еткен.

– Отбасымыздың  асқар таудай әкесі болған атамызды қалай ұмытайық. Еңбегін қалай бағаламайық. Үйдегі төргі бөлмеде ілулі тұрған, ерлік пен батырлықтың үлгісіндей болған көк  кәстөміне  көзім түскен сайын  Бас прокуратураның музейіне апарып тапсырсам деп армандаушы едім. Өйткені менің қайын атам Есқали Мұқанов ұзақ жылдар заң саласында абыройлы қызмет атқарған еді. Ақыры ойлаған  мақсатыма  қолым жетті. Бұл да Тәуелсіздігіміздің, егемен еліміздің ықпалы ғой. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадрлармен жұмыс және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының аға прокуроры Дулат Тлекетайұлы Қыдыралин деген азамат біздің ойымыздың жүзеге асуына  көмектесті. Бізге қолдау танытып, Оралдан барғанымызда қарсылап алып, музейді аралатты. Сол үшін жанұямыздың атынан, анамыз Марфуға мен ұл-қыздарының атынан Дулат Тлекетайұлына мың да бір алғыс айтамыз,–дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Беркінғали Ғабделов.

Иә, бұл құрметке Есқали ақсақал әрине, лайық. 1923 жылы  Қазталов ауданының сол кездегі  Кеңес елдімекенінде дүниеге келген ағамыз 1930 жылы  ауылдық мектепке қабылданып, кейін 1934 жылы Орал қаласындағы № 4 қазақ орта мектебінде білім алып, 1940 жылы сол мектепті  тәмамдаған. Бұдан соң мұғалімдерді даярлайтын  бір жылдық оқу курсына жазылып, оны да бітіріп шықты. Сол жылдың  шілдесінен желтоқсан айына дейін Тасқала ауданының (бұрынғы Камен) ІІ–Шежін ауылында  тарих және география  пәндерінен сабақ  беріп, шәкірт тәрбиелеген. Осы 1941 мен 42 жылдары Бузулук бекетінде  қатардағы қызыл әскерге алынып, кейін Уфа училищесінде курсант болған. Қырық екінің маусымынан бастап, қырық төрттің тамызына дейін Калинин, Батыс Воронеж, Украин өңірлеріндегі майданда танкіге қарсы атқыштар бөлімшесінің  командирі және взвод командирі болып қызмет атқарған.  Сұрапыл соғыстың бетін қайтару жолында Днепр мен Висла және Курск өзендерінің жағалауында болған қақтығыста жаумен айқасып, ерліктің үлгісін көрсеткен.  Сондай-ақ 6-шы гвардиялық танк әскерінің құрамында болып, екі қайтара жарақат алған. Оның біріншісі, 1943 жылы ақпанда Харковь қаласында болса, екінші жарақатты 1944 жылдың 4-тамызында Сандомирск плацдармда І-ші Украин майданында алған еді. Қан майданның таңбасы денесінде із боп қалған жас солдат 1945 жылдың наурызында  әскери госпитальден шығарылып,  әскери есептен босатылады.

Елге аман-есен оралған соң Орал облысының Камен ауданында прокурордың  көмекшісі болады. Ал 1947-52 жылдары Теректі ауданында  прокурор бола жүріп, қызметтен қол үзбей, Алматы қаласындағы Заң  институтын  оқып бітіреді. Бұдан соң Шыңғырлау, Фурманов ауданында прокурор болды. Арада екі-үш жыл өткеннен кейін Приуралье ауданының Дариньск елдімекенінде  заңды кеңес беру меңгерушісі болып, ал 1965 жылдан бастап осы ауданның  халықтық сотының  қызметін атқарды. Орал қаласында да жұмыс жасады. Бұдан соң Есақаңды облыстық прокуратурадағы еңбегінің қарымы ретінде  құрметті зейнеткерлік демалысы күтіп тұрды.

Еңбегі еленген ел ағасы өз заманында  Республиканың Прокуроры мен Бас прокуроры атынан арнайы сый-сыяпатқа да ие болды. Үкімет тарапынан да жоғарыда аты аталған ордендерді  кеудесіне қадап, Германия түбіндегі жеңісі үшін  медальдармен марапатталды.

Осы өңірдегі заң саласының  майталман шебері атанған ағамыз талай игі-жақсылармен табақтас болды. Талай іні-бауырларының өсіп-өркендеуіне жол ашты. Олардың шапағаты мен ілтипатына бөленді. Соның бір дәлелін айта отырсақ, отыз екі жылдан бері осы заң саласында табан аудармастан абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Уапов Молдағали Мүгиұлы әріптес әрі сырлас ағасына айналған Есқал Мұқановты әлі күнге құрмет тұтады.

– Марқұм өмірден соңғы демі үзілуіне аз ғана уақыт қалған сәтте мені үйіне шақыртып еді. Ағамен жұмыстас болған күндерімді жиі еске аламын. Ол өте орнықты азамат-тұғын  дейді, – сағымдай алыстап кеткен күндерді ойға оралтып.

Бұл күнде Есқали ағаның шаңырағы шаттыққа толы. Құдай қосқан қосағы Марфуға әжей отағасының жете алмай кеткен арманына жетіп, ұл-қыздары Мәлік,  Ғазез, Берік, Гүлжиян, Тамара, Света, Күләш, Айгүлдің және күйеу балалары мен келіндерінің қуанышын көріп отыр. Қайын атасын құрметтеп, орден толы кителін музейге апаруға мұрындық болған күйеу баласы Беркінғалидің азаматтығы неге тұрады? Бұған немерелер мен жиендердің бақытын және қосыңыз.

Жүйткіген уақыт алға жылжып, Ұлы Жеңістің 66 көктемін де қарсы алғалы отырмыз. Мейлі қанша жыл, қанша  жаз өтсін осындай баянды бақыттың бейбіт күнін сыйлаған ардақты аға-апалар ұмытылар ма? Тарихтың беттерінде ерлігімен ел есінде жүрген  Мұқанов Есқали ардагер де мәңгі қалмақ.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА        

 

Молдағали УАПОВ,  Есқали ағаның шәкірті:

– Мен Есқали Мұқановпен 1979 жылы қызмет бабында таныстым.  Қазіргі Сырым ауданында тергеуші болып жұмыс істеп жүрген кезім еді. Ол кісі тергеу бөлімінің прокуроры болды.  Біздің ауданды тексеруге жиі келетін. Аптасына екі-үш рет кездесіп тұратынбыз. Мен Есақаңды өзімнің мұғалімім деп санаймын.  Өте сауатты,  құжаттары мен қағазына мұқият кісі болатын. Қазақша да, орысша да жазатын, екі тілге өте жетік еді. Ол уақытта прокуратура қасақана адам өлтірген, көп мөлшерде  ақша жеген  өте ауыр қылмыстарды тергейтін. Жұмысымыз қауырт болатын. Біздер жастар едік. Түсінбегенімізді айтып, жәймен түсіндіретін. Сол кездегі облыс прокурорының бірінші орынбасары болған Гапич  Иван Степанович те Ұлы Отан соғысының ардагері еді. Иван Гапич те  Есқали ағамен қызметтес болды. Бірін–бірі   ардақ тұтты.

Қызмет бабымен қоян-қолтық араласа жүріп жанұясымен де жақын таныстым. Зайыбы Марфуға апаймен де дәмдес болдым. Менің әкем де соғысқа қатысқан еді. Сондықтан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін жақсы көремін, сыйлаймын. Есақаң соғыста барлаушы болдым деп айтып отыратын. Кеудесіне таққан орден-медальдарын көрсетіп, «мынаны неміс-фашистерінің тілін алып келгенім үшін берді» деп әңгімелейтін. Соғыстан кейінгі өмірінің бәрін прокуратура және сот саласында адал қызмет атқарумен өткізді. Облыс халқына сыйлы азамат болды. Өте сабырлы, ақылды, байсалды мінезімен талай қиындықты жеңіп шықты. Әйтпесе жас күнінен тұрмыстың біраз ауыртпалығын көрген болатын. Соған мойымай, ержетті, оқып, ел қатарлы азаматқа айналды. Жетпістен асқан уақытта өмірден өтті. Қатты ауырып жатқанда әріптесі болған Махмұт Қадырұлы екеумізді қасына шақырды. Қоштасқысы келген шығар. Бірінші ақылшым – өз әке-шешем десем, екінші әке-шешемді  Есқали аға деп толық айта аламын.

5 мамыр 2011 ж.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
141 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
268 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
210 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
476 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
665 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
661 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1102 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1168 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1185 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1206 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1230 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1598 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1724 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1751 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
2030 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
2039 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2168 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»