ЕЛДЕН МӘЖБҮРЛЕП ШЫҒАРЫЛАДЫ: Ресейде заңсыз жүрген ҚР азаматтарына үндеу жасалды
Ресей аумағында заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін ҚР ішкі істер органдарына жүгінуі қажет. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.
Биылғы жылдың 15 маусымына дейін Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары аталмыш ел аумағында болуын заңдастыруы қажет. Кері жағдайда РФ-дан кетуге міндетті. Мұндай талапты Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі қойып отыр. ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген азаматтар санатына келесілер жатады: – мүлдем тіркеуге тұрмаған; – уақытша тіркеуінің, уақытша болу рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткендер. «Онымен бір мезгілде қазақстандықтар заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», – деді министрліктен. Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартқысы келмегендер және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылатын болады. Бұдан бөлек, РФ аумағына қайта кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

https://www.inform.kz/kz/elden-mazhburlep-shygarylady-reseyde-zansyz-zhurgen-kr-azamattaryna-undeu-zhasaldy_a3781527
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу