8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Маусым 2021 1429 0
Қалалықтар қаперіне

ЕЛ НЫШАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни, қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық рәміздермен тығыз байланысты.

Барлық алдыңғы қатарлы ұлттар өздерінің шынайы болмысын білдіретін және ұлтты өрге сүйрейтін әр түрлі рәміздік элементтерді иеленетіні тарихтан белгілі. Бұл рәміздер ұлттардың сан түрлі қырларын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, егемендігі мен бейбітшілігін көрсетеді және өзін-өзі құрметтеу мен мақтаныш сезімін орнықтыра түседі, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық институттардың қызметіне, саясатқа, ұлттық қорғанысқа көпшіліктің атсалысуы үшін этикалық негіздерді қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер енгізілді. Осыған орай жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін деп жазылған.
Мемлекеттік рәміздердің Орал қаласындағы қолданылуын бақылау және қала тұрғындары арасында насихаттау бағытында Орал қаласы әкімінің жанында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Комиссияның атқарушы органы болып Орал қалалық ішкі саясат бөлімі белгіленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бо-йынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 18-21 мамыр күндері аралығында Орал қаласының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына мониторинг жүргізілді. Мониторинг кезінде мемлекеттік рәміздердің бірінші басшылардың кабинетінде жаңа стандартқа сәйкес орналасуы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою жөніндегі комиссия туралы бұйрығы, мекеменің мөрі, фирмалық бланк, мемлекеттік тудың мемлекеттік мекеменің ғимараты сыртында түнгі уақытта жарықтандырылуы назарға алынды.
Мониторинг нәтижесі бойынша Орал қаласы мемлекеттік органдарының басым көпшілігінде қолданыстағы мемлекеттік рәміздер стандартқа сәйкес орналастырылғаны байқалды. Сонымен қатар кейбір мемлекеттік мекемелерде кемшіліктер анықталды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 қаулысының 2-бабына сәйкес әрбір мемлекеттік мекемеде рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі комиссия болуы міндетті. Дегенмен, Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде және Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде Қазақстан Республикасының рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі комиссия туралы бұйрығы жоқ болып шықты. Яғни. комиссия құрылмаған
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңына сәйкес, ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс. Орал қаласының мемлекеттік мекемелері ғимаратындағы мемлекеттік туы түнгі уақыттағы жарықтандырылуы бойынша бірқатар қателіктер анықталды. Соның ішінде, ҚР Әділет Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің ғимараты, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ғимараты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының ғимараты, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты сыртындағы мемлекеттік ту түнгі уақытта дұрыс жарықтандырылмаған.

Орал қаласы ішкі саясат бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
240 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
250 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
389 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
683 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
776 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1021 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1288 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1517 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1553 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1706 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1902 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2125 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2212 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2327 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2328 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»