ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 мыңнан астам балғын тегін спорттық секциялармен қамтылады. Бұл туралы облыстағы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.
Мемлекет басшысының балаларды тегін спорттық секциялармен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өнім берушілерден өтінімдер мен қажетті құжаттарды қабылдауды жүргізуде.
Өнім беруші болып білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, тұрпаты мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер бола алады.
artsport.edu.kz ақпараттық порталы дайындалды және іске қосылды. Бұл портал өнім берушілердің құжаттарды тіркеуі және тапсыруы, сондай-ақ ата-аналардың (немесе олардың ресми өкілдерінің) балалар мен жасөспірімдерге спорттық секцияға қатысуға ваучер алуы үшін жасалды.
Ата-аналар порталға тіркеліп, тегін спорттық секциямен қамтитын өнім берушіні таңдауы және оның қызметін бағалауды жүргізуі қажет.
Спорттық тапсырыс 4 жастан 17 жасқа дейінгі, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы тегін спорттық секциялармен 2 040 баланы қамту жоспарланып отыр.
Барлық мәселелер бойынша 8(7112)505272 нөміріне хабарласып, сұрауға болады.
Сонымен қатар мемлекеттік спорттық тапсырыстың нормативтік-құқықтық актілерімен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022631 сілтемесі)», «Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Әдістемесін бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022633 сілтемесі)», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022637 сілтемесі)», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялардың рейтингін айқындау Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022632 сілтемесі)» құжаттары арқылы танысуға болады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу