ДІН САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен «Стратегиялық сессия» күндерін жалғастыра отырып, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Атырау облысының дін істері басқармасының, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ басшылығымен кезекті онлайн кездесу өткізді.

Іс-шараға 50-ден астам адам, соның ішінде дін өкілдері, теологтар мен дінтанушылар қатысты.
Кездесу барысында оңалту жұмысының тетіктерін жетілдіру, діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы, сондай-ақ осы саладағы түсіндіру-ағарту жұмыстары мәселелері талқыланды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары белгіленді: халық арасында зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу.
Сонымен қатар, оңалту жұмыстарына тартылған өңірлік теологтар, дінтанушылар мен психологтар үшін «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын ұйымдастырудың жекелеген аспектілері туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Спикерлер ретінде оңалту жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов және «Ақниет «Ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдері сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс тәжірибесі мен әдістерімен алмасты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу