8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2021 1313 0
Қоғам

ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ ҚОҒАМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Оралда кент, селолық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық мүшелері алдында есеп беруде. Бүгін, 10 ақпан күні Деркөл кенті әкімі Жұбан Жұмағалиев өткен жылдың қорытындысы бойынша кенттегі атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ осы жылдың жоспарымен бөлісті. Қоғамдастық мүшелерімен қатар бұл кездесуге қала әкімі Абат Шыныбеков, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Өткен жылы кент ретінде мәртебесі өзгерген Деркөлдің  тұрғындары қазір 30 мыңнан асқан. 2020 жылдың шілде айынан кент әкімдігі аппараты жұмысын бастады. Алты ай ішінде  аса ірі жобалар жүзеге асырылды деп айтуға болмас. Десек те кентті дамыту, абаттандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында жұмыстар жасалды. Кент әкімінің  мәліметінше, өткен жылы қала әкімдігі бюджетінен есебінен кентте  «елдімекендерді санитарлық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ «елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы жүзеге асырылып, аялдама павильондары, ойын алаңдары салынды. Бөлінген қаржы толықтай игерілген.

Әлеуметтік қорғау саласын дамыту, жол жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын табады. Кентте өткен жылы жалпы 520 млн. теңге болатын біренеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылған. Дегенмен, қала әкімі Абат Шыныбеков инвестициялық тартымдылықты әлі де 4-5 есе арттыру, кент аумағында индустриалдық аймақ құру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында қоғамдастық өкілдері Новостройка, Ветелки бағытындағы жолдың жағдайын, мал жайылымы мәселесін, балалардың бос уақытын өткізу мақсатындағы дамытушылық үйрімелерін ашу, жарықтандыру, қоқыс шығаруға қатысты сауалдарды көтерді.

Айта кетейік, пандемия жағдайына байланысты биыл әкімдердің халық алыдндағы есептік кездесулері онлайн форматта өтеді. Халыққа есеп беру жиынын Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтынан, әлеуметтік желідегі инстаграм(@uralskakimat), фейсбук(Орал қаласының әкімдігі) ресми парақшаларынан көруге болады.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
75 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
376 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
859 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1237 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1596 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2212 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2377 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2384 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2439 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2919 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2973 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2967 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3580 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3548 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3539 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3515 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»