CОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ҚР Жоғарғы Соты мен БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Орал қаласында «Сотқа дейінгі татуласу орталығы» ашылды.

Орталықтың ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, БҚО сотының төрағасы Бек Әметов, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, медиаторлар, билер Одағы, прокуратура өкілдері, адвокаттар, заңгерлер және сот орындаушылары қатысты.
Салтанатты шараны облыс әкімі Ғали Исқалиев ашып, өңіріміздегі дауларды азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Бек Әметов: «Сотқа дейінгі татуласу орталығының мақсаты: дәукестіктің деңгейін төмендету, тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, дауларды бейбіт келісім арқылы шешу, тараптардың арасында материалдық, моральдық шығындарға жол бермеу» – деп атап өтті.
Орталықта азаматтарға келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері сияқты алуан түрлі сотқа дейінгі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар бұл жерде өтініш берушілерге билердің, медиаторлар мен психологтардың, адвокаттардың, сот орындаушылардың көмегі көрсетілетін болады.
– Ата-бабаларымыз: «Дау-дамайдың мұраты – бітім» деп тегіннен-тегін айтпаған. Осы секілді кішігірім құқықбұзушылықтар сот мәжілісіне бармай-ақ, орталыққа келіп, өздерінің дауларын реттей алады. Татуласу орталығының арқасында азаматтар өздерінің уақыты мен шығындарын үнемдей алады. Мұның экономикалық жағынан тиімділігі мол. Қос тарап өздерінің дауларын ынтымақпен, бітімгершілікпен шеше алады, – деді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.


Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу