БИЫЛ НАҚТЫ ЖАЛАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ 221 ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ӨСЕДІ – МАМИН
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде жалақсының мөлшері 10%-ға, яғни 221 мың теңгеге дейін артатынын айтты.
Халықты жұмыспен қамту Үкіметтің маңызды міндеті. Пандемияны ескере отырып кешенді шаралар қабылданды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасының құралдары күшейтілді. Биыл «Жұмыспен қамтудың» жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға назар аударылды, – деді Үкімет басшысы.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасымен 158 мың адам қамтылды.
Биыл жұмыспен қамту шараларымен 1,2 млн адам қамтылады. Нақты жалақының мөлшері 10%-ға, яғни 221 мың теңгеге дейін артады деп жоспарлап отырмыз. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспайды. Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс қарқыны жақсы, – деп айтты ол.
Мамин өзге өңірлер де осы бағытта жұмысты белсенді жалғастыруы керек екенін айтты. Айтқандай, ол үшін барлық қажетті құрал мен ресурстар бар.
«Бастау» бизнес жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Биыл 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. «Атамекен» палатасы Еңбек министрлігімен бірлесіп білім алушылар санын көбейтсін, – деп тапсырма берді Премьер-министр Үкіметте.
https://baq.kz/news/othernews/biyl-nakty-zhalakynyn-molsheri-221-tengege-deyin-osedi-mamin/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу