8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2019 2226 0
Қоғам

БІРЛІКТІҢ БАЯНДЫ КЕПІЛІ

  9 маусым – елімізде Қазақстан Президентінің сайлауы өткені баршаға мәлім. Еліміздің алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен маңызға ие Президент сайлауы демократиялық үрдіске сай өтті. Осынау саяси науқанға сайлаушылар аса жауапкершілікпен қарап, бір кісідей өз таңдауларын жасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,96% дауыс берген, бұл 6 539 715 млн. қазақстандықтың дауысы. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, 11,9 млн. дауыс берушілерден сайлауға 9,2 млн адам, яғни 77,4% қатысқан.

     

            Халықаралық бақылаушылар Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына жоғары баға берді. Олардың айтуынша, сайлау тыныш жағдайда және заңнамаға толық сәйкес өткізілді. Халықаралық ұйымдардың өкілдері сондай-ақ, сайлау науқанының ашық, өркениетті және таза болғанын атап өтті. Президенттікке үміткер болғандардың бәрі де Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Олар сайлау процессінің құқықтық алаңда және қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес өткізілгенін айтты. Сайлау нәтижелері көптеген қазақстандықтардың өз дауыстарын Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу үшін бергенін көрсетеді.

– Сайлау жоғары деңгейде ашық және әділ өтті. Мыңнан астам халықаралық бақылаушылар, әлемнің 40 елінен 350-ге жуық журналист сайлау барысын бақылады.  Өткен сайлау ашық және әділ болды деп есептеймін. Кандидаттарға теңдей мүмкіндік жасалды. Сайлауға қатысқан  және сондай-ақ өз дауыстарымен мені қолдаған барлық қазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін. Бұл таяудағы бес жылда мен ақтауға тиіс сенім мандаты, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және шет елдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-мәслихатында.

                     ҚР Президентін сайлау күні облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы №521 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Өңір басшысы саяси науқанға  ата-анасымен және отбасымен бірге келді.

– Бүгін өте маңызды күн. Себебі әр қазақстандық өзінің конституциялық, азаматтық борышын атқарып, еліміздің бірлігі мен болашағы үшін, әлемдік аренадағы дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы мақсатында өздерінің дауыстарын берсе екен деген тілегіміз бар. Сайлауға отбасымызбен келдік. Ақ Жайық өңірі қашан да өзінің бірлігімен, ынтымағымен, мәдениетімен, тәртібімен ерекшеленген. Бүгін де солай болады деген сенімдеміз, – деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

Ал өңір басшысының әкесі Сейдір Көлгінов Ақ Жайық өңірінде сайлау қарқынды өтіп жатқанын тілге тиек етіп, еліміздің өркендеуі, халқымыздың болашағы үшін өз таңдауын жасағанын жеткізді. – Еліміз дамып, өсе берсін! Сайлаған азаматымыз халқымызды жақсылыққа бастасын!» – деп игі ниетін білдірді ол.

№521 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлзия Иманбаеваның мәлімдеуінше, аталмыш учаскеге 2 692 сайлаушы тіркелген. Оның 583-інің жасы 60-тан асқандар болса, 58-і 18-ге жаңа толып, алғаш рет дауыс берушілер екен.

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов №521 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгін – қазақ елі үшін маңызды күн. Бұл – еліміздің болашағы айқындалатын күн. Себебі Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты мен экономикасы билікке келетін Президентімізге байланысты. Сондықтан ел тұрғындарының ертемен келіп, өз таңдауларын жасап жатқаны қуантады. Аға толқынның бала-шағасын ертіп, жақсы көңіл күймен келіп жатқанының куәсі болып тұрмыз. Мен қазақ еліне тек жақсылық тілеймін», – деді журналистермен тілдескен  Ғабидолла  Абдоллаұлы.

– Сайлауға қатысу әр қазақстандықтың құқығы әрі міндеті деп білемін. Мемлекетіміздің болашағы үшін, одан әрі дамып, көркеюі үшін еліміздегі кәмелеттік жасқа толған әр тұрғын өзінің дауысын беруі керек деп ойлаймын. Мен де бүгін конституциялық құқығымды пайдаланып, отбасыммен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым, – дейді 521-ші сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған қала әкімі Мұрат Рахметұлы.

             Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан №187 сайлау учаскесіне барлығы 2 327 сайлаушы тіркелген.

№187 учаскелік сайлау комиссиясының  төрағасы Ринат Окумбековтың айтуынша, еліміздің болашақ Президентін таңдап, өзі қалаған үміткеріне дауыс беруге келген халықтың белсенділігі жоғары. Мұнда әсіресе, жастардың үлесі басым. Еліміздің келешегі және әр қазақстандық азаматтың болашағы үшін аса маңызды саяси доданың барысын 17 бақылаушы мен БАҚ өкілі қадағалады. Соның ішінде екеуі – халықаралық бақылаушы. Бұған қоса ҚР Президенттігіне үміткер 2 кандидаттың сенімді өкілдері сайлау комиссиясының жұмысын бақылады. Жалпы, аталмыш учаске бойынша 1 884 сайлаушы  дауыс берген.

Басқа сайлаушылардан гөрі бірінші рет дауыс беріп тұрған жастар үшін бұл күн екі есе маңызды. Өйткені сайлауда алғаш рет дауыс беру – үлкен өмірге алғашқы қадам. Осындай жастардың бірі – студент Қазірет Кеңесов. – Бұл сайлаудың басқа сайлаулардан ерекшелігі – саяси науқанға xалықтың белсенді қатысуымен, оның ішінде жастардың азаматтық парызын орындауда ынта-ықыластарының жоғары екендігімен ерекшеленді. Сайлауға қатысуды азаматтық парызым санадым. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын және сайлауда жеңіске жеткен кандидат еліміздің игілігі жолында еңбек етеді деп үміттенемін, – деді бізге Қазірет. Оның ойынша, ел Президентін таңдауда жастардың белсенділік танытуына Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы да әсер еткен. Ал үлкендер жағы сайлауды мереке санайтындықтарын жеткізді. Жұртшылық сайлау учаскелеріне жас балаларымен келді. Ата-аналар арнаулы кабиналарда өз таңдауларын жасағаннан кейін, балалар бюллетеньдерді жәшікке жарыса салып жатты.

               Зашаған кентіне қарасты «Көктем» шағынауданындағы №47 мектепте орналасқан №416 сайлау учаскесіне тұрғындар таң сәріден ағыла бастады. Мұнда 749 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесінің төрайымы Дарья Қабдоллиеваның мәлімдеуінше, жалпы тізімдегі сайлаушылардың барлығы да дауыс берген. Сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген.

Әр сайлау учаскелерінің алдында әсем ән шырқалып, тұрғындарға  мерекелік көңіл күй сыйлады. Ең бірінші келіп дауыс бергендерге, қарттарға, жас отбасыларға және алғаш рет сайлауға қатысып белсенділік танытқан жастарға естелікке сыйлықтар берілді. Елдегі тарихи сәтке бейжай қарамағандардың бірі кент тұрғыны – Аққенже Құмарғалиева.

–   Кезектен тыс президенттік сайлау – елімізде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға және оның әрі қарай тиімді дамытуға мүмкіндік беретін игі қадам. Ұлт көшбасшысының стратегиялық бағдарламаларын жалғастыратын, Президент болуға лайықты үміткерге дауыс бердім деп есептеймін, – дейді ол.

                 ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко туған жеріне арнайы келіп,  қаладағы №447 сайлау учаскесінде  таңдау жасады.

– Бүгін – жанымызды толқытатын, ел Президентін сайлайтын күніміз. Дауысымды елімнің болашағы, қоғамдағы прогресс үшін беруге туған жеріме келдім. Халқымыз  Елбасының даналығымен әрдайым мақтана алады. Қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбіт өмірге, «үйіміздегі» көпұлтты халықтың тату-тәтті тірлігіне, достығына дауысымызды бердік. Өз дауысыңды беріп, азаматтық белсенділікті танытудың мән-маңызы зор. Ақ Жайық өңірі ылғи да дамудың, жетістікке жетудің айшықты үлгісін көрсетіп келеді. Ортақ үйімізде тұрақтылықпен, түсіністікпен, мейірімділікпен ғұмыр кешуге жазсын. Тәуелсіздік жылдары көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданып, бүгінде соның барлығы жүзеге асырылуда. Республика басшылығы мен Үкіметі белгілеген міндет-мақсаттар орындалу үстінде. Сондықтан ел ертеңі жарқын боларына сенемін. Президент сайлауына қатысып, дауысымды бергенімді мақтан етемін, – дейді Елена  Тарасенко.

Жаңылай ҚАБИЕВА, зейнеткер:

–  Өмірімдегі бірде-бір сайлаудан тыс қалғаным жоқ. Биыл да, міне, дауыс беруге ала таңнан жиналдым. Мен өз таңдауымды жасадым. Қазақстанның әрі қарай өсіп-өркендеуіне үлес қосатын үміткерге даусымды бердім дегенге сенімім кәміл. Ең бастысы, елімізде татулық болсын, бірлік болсын. Мен бірлігі жарасқан ел үшін, ынтымақты болашақ үшін дауыс беремін.

Рая ТЕЛЬМАНҚЫЗЫ, ұстаз:

–     Ұрпағымыздың болашағы, еліміздің тыныштығы үшін келешек Президентімізге дауыс бергелі келдік. Болашақ Президентіміз дана, ақылды, білімді адам болса екен! Қазақстан – менің Отаным, елімізде барлығы жақсы болатынына, болашақтың жарқын болатынына сенемін. Менің дауысым еліміздің дамуына аз да болса өзіндік септігін тигізеді ғой деген үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
221 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
380 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
415 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
685 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
698 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
825 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1221 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1245 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1458 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1730 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1951 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1992 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2137 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2337 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»