8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2021 21213 0
«Жайық үні» — 30 жыл

БІЛІМ ОРДАСЫ ҰСТАЗДАРЫН ҰМЫТПАЙДЫ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

Ақ Жайықтың ардақты ұстаздары, танымал тұлғалары болған Мәрия Мамаева мен Қарасай Тұрашев та қазір арамызда жоқ. Мәрия Мамайқызы көзінің тірісінде отағасын жиі еске алатын. Мені үйіне жиі шақырып, сарғайған суретке толы альбомдарға қарап, өткен шақтан сыр шер тетін. Қарасай атаны еске алу сәтінен жазылған бұл мақалам «Ғалымның хаты өлмейді. Жақсының аты өлмейді» деген мақалды дәлелдеп тұрғандай.

Автор.

Кеше ғана ел-жұртының ортасында жүрген атпал азамат, өлкемізге танымал зиялы тұлғаның бірі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, көрнекті ұстаз-ғалым Қарасай Тұрмахұлы Тұрашевтің мынау жарық дүниеден өткеніне қырық күн болып қалыпты…

Ұлы Отан соғысының ардагері Қарасай аға да қатарластары секілді Жеңістің 70 жылдық мейрамын салтанатты жағдайда сапта тұрып өз көзімен көруді армандайтын, аңсайтын. Әттең, сол бір шалтты шақтарды аз ғана айлар қалғанда, көре алмай кетуі өкінішті-ақ! Десекте, ардагерлерін ардақтап, «Кішіге ізет, үлкенге құрмет» көрсетуді әркез парыз санайтын М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ұжымы қаңтардың 20 жұлдызында Қарасай Тұрмахұлын еске алып, арнайы дайындалған бейнефильмді жиналған жамағаттың назарына ұсынып, тағылымды шара өткізді.

Байырғы білім ордасында бас қосқан оқытушы-ғалымдар мен Қарасай Тұрашевтің асыл жары Мәрия Мамайқызы және алыстан келген қыздары Аида, күйеу баласы Ғалымжан, жиені Тимур мен тума-туыстары алдымен осы кешке арқау болған кейіпкер жайлы кинофильмге назар салды. Ширек ғасырдан астам өмірін байырғы білім ордасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі ұрпақ тәрбиесіне, студент-жастарға, еліміздің гүлденіп-өркендеуіне арнаған Қарасай Тұрашев жайлы бейнебаян кім-кімге де терең ой салды. Ғалымның өнегелі өмір жолдарынан сыр шертілді. Қарасай Тұрашевті жастайынан көрген, араласып, дәмдес болған ардагер досы, күніндегі заң қызметкері, бүгінде жасы 93-ке таяп қалған Оралдағы ардақты ақсақалдың бірі Иван Гапич бейнефильм барысында керемет ойлар айтып, тыңдаушысын ұйытты. Ағаның алдын көріп, тәлімін алған география және биология кафедрасының бір топ оқытушылары, әріптестері, тәлім алған шәкірттері ұстаздары жайлы кеңінен әңгіме өрбітті. Қарапайым азамат кісілік болмысымен, байсалды әрі бірқалыпты мінезімен Жайықтағы жерлестерінің ғана емес, елімізге танымал талай жандардың есінде, көңілінде қалғаны анық. Бар өмірін бала тәрбиесіне, білім саласына арнаған Қарасай Тұрмахұлының бойында Отанға, еліне, жеріне деген ерекше сезім иірімдері бейнебаян барысында көрініс тапты. Содан ба, сұрапыл соғыс жылдары, қиын-қыстауға толы жастық шағы, азамат болуға тырмысқан әр сәті, бәрі-бәрі кейінгі толқынға, ізбасарларына керемет әсер етті.

Бөрлі ауданында дүниеге келген Қарасай ағамыз қарапайым колхозшының баласы болған екен. Бірақ та қатарластарынан кем қалмай, бар ынтасын білім алуға, оқуға арнаған ол туған өлкесін шынайы сезіммен сүйгені соншалық, халықтың басына қара бұлт төнген шақта қан майданға өзі сұранып, соғыс комиссариатына дүркін-дүркін хат жолдайды. Алайда мектепте оқитын бозбаланың өтініші қабылданбай қояды. Алған мақсатынан тайынбаған Қарасай Тұрмахұлы оқуын бітірген бойда Омск қаласындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің біржылдық училищесіне оқуға түседі. Бұл 1944-45 жылдар болатын. Көп кешікпей курсанттармен бірге Батыс Украина жаққа соғысқа аттанады. Қатардағы жауынгер ретінде майданда көрген тәжірибесі аздау болса-дағы ер жүрек жігіт сұрапыл соғыстың бел ортасынан табылады. Сөйтіп, Отан алдындағы ер азаматтық парызын ақтауға, өтеуге асыққан ол бойындағы ерлігін, жауды тойтарудағы күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жеңістің туын қаруластарымен бірге желбіретіп, соғыстың өртін сөндіргенімен, Қарасай Тұрашев Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, 1947 жылы Мәскеудегі осы саланың біржылдық курсын бітіреді. 1948-1952 жылдары командованиенің бұйрығымен Батыс Украина жерінде болып, бойындағы қажыр-қайратын елінің дамуына жұмсайды. Сөйтіп, денсаулығы сыр берген соң ғана Кеңес Армиясының қатарынан босайды. Туған еліне оралған жас жігіт енді терең білім алуға ден қояды. Бүгінде байырғы білім ордасы, бұрынғы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түседі. Өзі де білімге құштар студенттің алдынан атақты профессорлар М.В.Фремд, И.М.Кондаков, Ф.П.Калинин, В.В.Иванов секілді «мүйізі қарағайдай санаулы ғана мықтылар» кездесіп, оны география пәнінің қыр-сырын терең меңгеруге, басқа пәндерге қарағанда ауқымы кең, күрделілеу сабақты жан-жақты зерттеп, оқуға жетелейді. Сөйтіп, жас маман осындай танымал ғалымдардан тәлім алып, институтты үздік бағамен бітіреді. Бұдан соң Батыс Қазақстан облысының халыққа білім беру басқармасында нұсқаушы болып екі жылға жуық еңбек етеді. Алайда өзіне жоғары білім беріп, баулыған ұстаздары Қарасай ағайдың институтта оқытушы болғанын қалайды. Тағдырдың жазуы шығар, сонау 1959 жылдан бастап мәні мен сәні келіскен жарқын күндерін, алтын минөттерін білімнің осы қара шаңырағына сарп етуге жұмсайды. Тіпті құрметті демалысқа шықса да алтын ұясына оқтын-оқтын соғып тұратын Қарасай ағай күні кешеге дейін студенттерге ағалық кеңесін, ақылын айтып, олардың егемен еліміздің бақытты ұрпағы боларына сенім білдіріп, батасын беретін. Қашанда тұшымды дәрістерін оқып, сүйікті мамандығын абыроймен атқара білген ғалымды үлкен-кіші шәкірттері жолын кеспей сыйлайтын. Абыройлы азаматтың білім саласына қосқан ұшан-теңіз еңбегіне бастарын иетін. Өйткені, Қарасай ағайдың «Шет елдердің экономикалық географиясы» атты ауқымды тақырыпты дәрісхана толы әр топтағы студенттерге түсіндіруінде, баяндауында үлкен ғажаптықтың, мұғалімдік шеберліктің, таланттың жатқандығына кім-кімде тәнті болатын. Ол кісінің осындай деңгейге жетуіне Мәскеудің мемлекеттік университетінде айшықты із қалдырған Н.Баранский, Ю.Саушкин, В.Вольский, В.Максаковский секілді танымал ғалымдарының орны ерекше екенін әлі күнге шәкірттері мақтанышпен айтып жүр.

– Орал педагогикалық институтының бір топ студенттерін ертеректе Жалпақталға тәжірибеден өтуге алып келген еді. Өйткені біздің мектептің базасы мықты, білім беру сапасы да жоғары болды. Содан бері 60 жылдай уақыт өтті, мен Қарасай Тұрмахұлымен мидай араластым. Талай жақсылығына ортақтастым. Ол отбасымен өте тату-тәтті ғұмыр кешті. Соғыста із қалдырған азамат болғанына көз жеткіздік. Өз басым ол кісіні Ақ Жайықтағы зиялы қауымының көрнекті өкілі деп атаймын,– деген өлкетанушы, осы отбасының сыйлас досы Жайсаң Ақбай кеше ғана келмес сапарға аттанып кеткен ұстаз-ғалымды еске алып, «Жақсыдан-шарапат» дарытқан, өнегелі өмірін студент-жастарға үлгі тұтқан БҚМУ-дың ректоры, академик Асхат Иманғалиевке ардагерлер атынан үлкен ризашылығын білдірді.
– «Ажал кәріліктің даусы» демекші, Қайрекеңді қимағанмен, уақыт өз дегенін жасайды. Бірақ ол бақытты өмір сүрді. Бүгін ұстаз-ғалым туралы көрнекті дүниені көзімізбен көріп, осындай ойға келдік. Көп жылдар Сәкен мектебін мол тәжірибесімен басқарған Мәрия Мамайқызымен бірге қол ұстасып, тамаша күндерді бастан кешірді. Дамир мен Аида есімді ұл-қыз сүйіп, тәрбиеледі. Бұл кісілер туралы талай деректі фильмдер түсіріліп, газет-жорналдарға мақалалар жазылды, – деп Әділғазы Нұрғалиев, Қалам Сүйіншәлиев, Меруерт Жолдықайырова, Гүлшекер Молдашева, Гүлжу Мәжитқызы, Нұғыман Өтебәлиев, Серікқали Шарабасов секілді көптеген игі-жақсылар жан жадыратарлықтай естеліктер айтты. Алғаш рет Орал педагогикалық институтына студент бала болып келіп, жылдардың тізбегімен дана болып шыққан, ширек ғасырға жуық байырғы білім ордасында еңбек етіп, білімнің тамырын тереңге жайған, сөйтіп ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған Қарасай Тұрашевке арналған бейнебаян жиналған жамағатқа, көрермен көзайымға әбден ұнады. Сондықтан өз сөзінде БҚМУ-дың ректоры, профессор Асхат Сәлімұлы ардагер аға жайлы түсірілген бейнетаспаны әр факультет студенттерінің назарына ұсынып, Қарасай Тұрмахұлы секілді оқу ордасының ардагерлерін жастарға кеңінен насихаттау жұмыстарын факультет декандарына арнайы тапсырды.
Сәтті түсірілген бейнебаянды көріп, қас-қағым сәтте өте шыққан өмір-өзенді іштей мойындап, отағасымен қол ұстасып бірге жүрген өткен күндерді еске алған Мәрия Мамайқызы кеш соңында БҚМУ ұжымына, ректорат басшылығына аналық алғысын жеткізді. «Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді» демекші, алдыңғы толқын ағалардың ізімен жүріп, олардың елімізге сіңірген әр ісінен ұлағат алып, жақсылықтың жаршысы болған Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеудегі еңбектеріне риза екенін жеткізді.

Иә, «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» демекші, Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығы да, құстай ұшқан жүйрік уақытпен сексен жылдығы да тойланар. Осындай шалтты заман сыйлаған аға-апалардың ерлігіне өскелең ұрпақ тағзым етуден жалықпас, сірә! Соның бір дәлеліндей, елу жыл бойы табан аудармастан өлкеміздегі байырғы білім ордасында қажымас еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО-ның және «Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері, ел азаматы, ұлағаты ұстаз Қарасай Тұрмахұлын Ақ Жайық жұртшылығы мен игі-жақсылар, университет ұжымы ешқашан ұмытпақ емес.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

22 Қаңтар 2015 ж.

Мария МАМАЕВА, еңбек ардагері, ұстаз-ана:
– Қарасай ағаларыңа арналған шағын фильмді көріп, көңілім қатты босады. Еріксіз көзіме жас алдым. Сұм соғысты көзімен көріп, елін жаудан қорғаған Қарасай Тұрмахұлының әр жүріп өткен жолдары бейнебаян арқылы жан-жақты, әсерлі суреттеліпті. Өйткені, ағаларың соғыстан соң бұрынғы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсті. Осы білім ордасында есейді. Көптеген ғалымдармен кездесті. Жаңа фильмде ағаларыңның өмірі баяндалды. Оның алтын уақытының көбі осы білім ордасында өтті. Талай атақты ғалымдар шыққан университеттің республикада алдыңғы қатарлы білім ордасы болғанына қуанатын. Көзі тірісінде, әсіресе жас уақытында ағаңды танымал азаматтар басқа қалаға қызметке шақырды. Бірақ, Қайрекең туған елінен кеткісі келмеді. Алдымен, өзі оқып-тоқыған, еңбегінің жемісін көрген тап осы университетін қимады. Өзі дәріс оқыған география және биология факультеті, кафедрасы көзіне оттай ыстық басылатын. Зейнеткерлік демалысқа шықса да Қайрекең білім ошағынан қол үзген жоқ. Мұның бәрі Қайрекеңнің ұстаздық саланы, өз жұмысын шын жүрегімен сүйе білгені деп білемін. Осы университет ұжымының ағаларыңды еске алып, рухына бас иіп, тағзым етулері – кісіліктің, адамдықтың, қарапайым ұстаз еңбегін бағалай білуі, оны студент-жастарға үлгі етуі деп түсінемін.

Екіншіден, құдай қосқан қосағым, шаңырағымның тірегі, Дамир мен Аида есімді ұл-қызымның асқар таудай әкесі бола білген Қайрекең ер азамат ретінде менің де көмекшім, қамқоршым, жанашырым болды. Ол кісіні 1952 жылы тағдыр маған сыйға тартты. Ол кезде Қарасай ағаларың небәрі 24 жаста болатын. Бірақ, ақыл-есінің көптігіне, білімпаздығына, ізденгіштігіне, тазалығына мен түгіл, айналасындағы жора-жолдастары да таңқалушы еді. Ол ешкімге жалтақтауды, өтірік айтуды білмейтін. Өз пікірі өзінде, мінезін өзгертпейтін азамат еді. Әрине, қойдың жасындай жасы қалғанда бас көтерген баламыз Дамирдің қайғысын көріп, соңынан өзі көз жұмды. Өкінішті жағдай. Дегенмен, «Орнында бар оңалар» деген, ұрпақтары бар, Қарасай Тұрмахұлын ұмытпай ескеріп, рухына арнап бейнефильм түсіріп, ағаларын ұлықтап жатқан ұжымы, университеті бар. Осы жақсылықты көріп, төбем көкке жеткендей бір жасап қалдым. Қайғы басқан еңсемді бір көтеріп тастаған, ұстаздарын ұмытпай еске алған БҚМУ ұжымына, жалпы Қайрекеңмен сәлемі түзу болған інілеріне, жора-жолдастарына, әріптестеріне жанұямның атынан ризашылығым шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қарияларымыз ауырмай-сырқамай осы қыстан аман шығып, мамыр айында Жеңіс мейрамын тойлауын тілеймін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
267 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
529 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
769 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
803 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
958 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1152 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1389 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1472 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1581 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1591 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1619 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1626 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1729 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1948 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2257 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2142 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2255 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»