8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Тамыз 2019 2970 0
Қоғам

«Әбілқайыр хан және Бопай ханым» тарихи кітабы таныстырылды

Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының конференц залында «Әбілқайыр хан және Бопай ханым» атты тарихи кітабының тұсаукесері өтті.

Тарихи деректер жинастырылған аталмыш кітапта Кіші жүздің ұлы ханы, ХVIII ғасырдағы қазақ сардарларының Бас қолбасшысы, сұңғыла саясаткер, мәмілегер Әбілқайыр хан мен оның жұбайы, ұлттың ұлы аналарының бірі Бопай ханымның тұлғалық қасиеттері жан-жақты зерделенген. Бұл еңбек қос тұлғаның дүниеге келгендеріне 325 жылдығына арналған тамаша тарту болды. Кітап авторы – Бекет атаның тікелей ұрпағы, туған жері Ақмешіттегі мешіттің шырақшысы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ислам қажы Мырзабекұлы.

Орталық директоры Бауыржан Халиолла құттықтау сөз сөйлеп, шараны ресми ашып берді.  Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы мен Алаштанушы Дәметкен Сүлейменова оқырман қауымға жол тартқалы тұрған кітапқа ақ жол тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Тарихшы Жаңабек Жаңабайұлы мен белгілі журналист, журналист Қазбек Құттымұратұлы кітаптың тұсауын кесті. Бауыржан Ергенұлы автордың иығына шапан жауып, естелік сыйлық табыс етті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
32 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
80 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»