БАУЫРЖАН МЕН ТӘУЕКЕЛ «ӨНЕР БАРЫСЫ» АТАНДЫ
12 маусым Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қазақ күресінен ересектер арасында «Өнер барысы» турнирі өтті. Ауқымды шара барысында өнер иелері – танымал шығармашылық тұлғалар бас жүлдені сарапқа салды.

Дүбірлі додаға қатысушылар бапкерлердің нұсқауымен жаттығу барысында күрес техникасын шебер меңгеріп, үлкен дайындықпен келген. Жарыс қазақ күресі бойынша бекітілген ережелерге сәйкес өткізілді. Өңіріміздің ұлттық дәрежедегі белді төрешілері палуандарға өз бағаларын берді.
Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрі қазақ күресін дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Білекті палуандар күресін тамашалауға жиналғандардың қарасы көп болды. 1000-ға жуық көрермен мінбелерді толтырды. Белдесулер арасында әріптестеріне қолдау көрсетуге келген қаламыздың белгілі орындаушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар екі салмақ санатында анықталды. Екі топқа бөлініп белдескен палуандар арасында 70 келіден жоғары салмақта Бөрлі ауданынан Тәуекел Бақытжан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Ақжайық ауданынан Дәулет Шамелов еншіледі. Үшінші орынға Қазталов ауданынан Жігер Маусымов жайғасты.
Ал 70 келіге дейін салмақта белдескен топ арасынан Бауыржан Бисқалиев суырылып алға шығып, «Өнер барысы» белдігін жеңіп алды. Хайруллин Бекболат тиісінше екінші орынды еншілесе, Асxат Қален жүлде көмбесінің үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Асxат «Үздік теxникасы үшін» алғыс xатымен марапатталды. «Жеңіске деген жігер үшін» Естеміс Мұқанбетов марапатталса, Мейірбек Қанатов «Жас палуан» атанды.
І орын иеленген қос палуан Бауыржан мен Тәуекел «Өнер Барысы» белдігіне ие болып, 50 000 теңге берілді.
Екінші орын алғандар 30 000 теңге, үштікті түйіндегендер 20 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.


Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу