БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 18,8 ПАЙЫЗЫ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Н.Жұмағұлова бүгін, 28 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық филиалдың сегіз айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Биыл облысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуді жүзеге асыру үшін қор 49 денсаулық сақтау субъектсімен шарт жасаған. Оның 38 немесе 77,6 пайызы мемлекеттік меншік нысаны, 11-і, яғни 22,4 пайызы жеке меншік нысан.
Филиал директорының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 42 нысанмен келісімшарт жасалған, келісімшарттың жалпы сомасы – 20,4 млрд.теңге. Оның 76,2% -мемлекеттік, 23,8% – жеке меншік.
– 2,5 млн. консультациялық-диагностикалық көмек қызметіне 4,8 млрд. теңге сомасына жасалды (бір тіркелген тұрғынға 4 қызмет) оның ішінде бейінді мамандардың 1,1 млн. консультациясының соммасы 1,8 млрд. теңге, 1,2 млн. диагностикалық қызметінің сомасы 2,1 млрд. теңге төленді және де тағы басқа қызметтер бар, – деді Нұржамал Шамғонқызы.
Жыл басынан бері 2101 науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тәуліктік стационарларда медициналық оңалту қызметтерін алды. Оған 463,4 млн теңге жұмсалған. Жоспарлы түрде стационарларда 23 338 пациент емделді, аударылған сома 3,6 млрд. теңге. Жалпы құны 1,39 млрд теңгеге 5 843 ота жүргізілді, оның ішінде жоғарғы технологиялық медициналық көмектін қолданумен – 94 қызмет көрсетілген.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 30 аурулар тобы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін амбулаториялық дәрілік заттармен 110 аурулар тобы бойынша пациенттер қамтамасыз етіледі, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 66 және де 44 аурулар тобының нозологиясы ересектерге арналған, барлығы 899 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар. 2021 жылғы 8 ай кезеңінде 4,4 млрд. теңге сомаға 140 015 пациент қамтамасыз етілді, бұл жазып берілген рецептілер санының 99,9 пайызын құрайды.
Сондай-ақ 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы кезеңде жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекцияларын, пневмонияны, ауруханадан тыс пневмонияны және COVID емдеу үшін жалпы сомасы 78,9 млн. теңгеге 21 893 науқас, оның ішінде 13 988 науқас балалар 18,6 млн. теңге сомаға дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі біздің азаматтарымыздың сақтандырылу мәртебесі болып табылады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңының 5-бабына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналарды төлеуді жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы бар, – деп атап өтті спикер.
«Сақтандыру» базасының деректеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандырылған халықтың саны 81,2 пайызды құрайды, ал сақтандырылмағандардың үлес салмағы 18,8 пайызы немесе 127 135 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту үшін аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері облыстың әрбір сақтандырылмаған азаматтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу