БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АБАЙДЫҢ «СЫРЛЫ ӘЛЕМІН» БЕЙНЕЛЕДІ
Жалпы орта білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың қара сөздеріне, лирикалық табиғат шығармаларына облыстық қашықтық иллюстрациялар сайысы өткізілді. Ұлы ақыннаң 175 жылдығына орайластырылған байқауды БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастырды.
Шараны өткізудегі басты мақсат – облысымыздағы мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсетіп, Абайдың шығармашылығын насихаттау, философиялық-адамгершілік тәрбие беру, адами құндылықтарды қалыптастыру. БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сайысқа барлығы 179 оқушының жұмысы түскен.
Қорытындысында 1-7 сынып оқушылары арасында С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің 5-сынып оқушысы Мөлдір Құрақ және 7 сынып оқушысы Сұлтан Мажитов І орынды иеленсе, 8-11 сыныптар арасында Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Диана Еркінова, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрдәулет Жармұқан, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы Гүлдана Халенова жеңімпаз атанды.
Версия для печати
Пікір үстеу