БАТЫРХАН МҰҚАНОВ, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің аға оқытушысы: «ХАЛҚЫМЫЗ БІРЛІГІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚИЫНДЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРА БІЛДІ»

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзін шын мәнінде Қазақстан халқы жақсы қабылдады. Қазіргі таңда әлемді жайлаған пандемия кезінде Үкіметтің халыққа бетбұрыс жасап, көмек жасап жатқаны көрінеді. Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлінді. Миллиардтап, триллиондап бөлінген ақша халық үшін жұмыс жасауы тиіс және Мемлекет басшысы бұл қаржының мақсатты жұмсалуын қатаң қадағалап отыр. Мұның бәрі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалуда. Мәселен, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бір триллионнан аса қаражат бөлінді. Бұл дегеніңіз, 255 мың адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жағдайы жақсарса, олардың салған жолдары, құрылыстары нәтижесінде еліміздің экономикасы өрге басады деген сөз. Әрине бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындарға да Үкімет тарапынан үлкен мүмкіндік қарастырылған. Бірінші кезеңде, еңбекақы төлеу кезіндегі салымды тоқтатты. Дағдарыс, пандемия жағдайында бұл өте орынды шешім. Бұдан соң адамдардың қиындыққа мойымай әрі қарай кәсібін ашуына ықыласы болады деген ойдамыз. Мұның өзі біздің экономикалық-әлеуметтік саламызға үлкен үлес қосатын шаруа. Ең бастысы – ауылшаруашылығы мәселесі. Бұл салаға бағытталған жанар-жағармайдың 15 пайызға арзандауы шаруаларға үлкен көмек болды. Оның үстіне Президент болашақ өнімді күні бұрын сатып алу мәселесін алға қойды. Бұл да шаруаларға зор қолдау. Яғни ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың уақытылы жалақысын алып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуына сеп болар еді.
Тағы бір жайт, Мемлекет басшысының Үкіметке төтенше жағдай кезінде үйде жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде еңбекақы тағайындауға тапсырма беруі. Екі ай бойы 42500 теңгені 4,5 миллион қазақстандық алды. Мұның өзі – халыққа үлкен көмек болды. Бұдан өзге де халықтың түрлі санатына нақты көмектер берілді. Осыдан-ақ Үкіметтің экономикалық-қаражаттық саясатын жақсы жүргізіп отырғанын бағамдауға болады. Сондай-ақ төтенше жағдайда тынымсыз еңбек етіп, өмірлерін қауіп-қатерге тіккен медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалай білуіміз керек. Жағдай қалыпқа келген соң бұл сала мамандарына нақты жағдай жасалады деген сенімдеміз. Халықтың ауызбірлігінің нәтижесінде біздің еліміз өзге елдерге қарағанда қиындыққа қарсы тұра білді. Әйтпесе, Еуропа, Америкада болып жатқан жағдайды халқымыз жақсы біледі. Сондықтан ендігі аз уақытқа шыдамдылық танытсақ, бәрі қалпына келіп, жұмысымыз жанданып, Президент айтқандай алдағы тойларымыз көп боларына сеніммен қарауға болады.
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу