8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 1735 0
Қалалықтар қаперіне

БАСТАУ БИЗНЕС: 1-КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛМАҒАНДАР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОБАҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ

«Бастау Бизнес» жобасының бірінші легіне қатысып үлгермегендер қарашаға дейін өтетін алты лекке қатысуына болады. Жалпы ел бойынша 30 мың квота бөлінген.

Сұраныстың жоғары болуына байланысты «Атамекен» ҰКП Үкіметке тағы 10 мың квота бөлу ұсынысын жасайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

«Бастау Бизнесте» оқимын дегендерге айта кететін жайт. Қазір бірінші кезең ғана басталады. Биыл 30 мың адамды оқыту жоспарланған. Сұраныс жоғары. Сондықтан бұл бағдарламаға тапсырыс беріп отырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағы 10 мың квотаға көбейту туралы «Атамекен» атынан ұсыныс жасаймыз. Тағы біз бір лекпен емес, алты лекпен – қарашаға дейін оқытамыз. Сол себепті оқимын деген бүкіл азаматтың бірінші болмаса, екінші не үшінші, не алтыншы кезеңге қатысуға мүмкіндігі бар», – деді ол.

Нариман Әбілшайықов жобаға қатысу үшін жолдама алуға келгендердің ұзын-сонар кезекке тұру себебін де түсіндірді.

«Курсқа қатысқысы келетін адамдар көп болғандықтан, түрлі сұрақ туындап жатыр. Былтырдан бастап «Бастау Бизнеске» құжат қабылдау және курсты тәмамдау, оқу процесі – бәрі онлайн форматта өтіп жатыр. Бүкіл жұмыс  www.Atameken.co онлайн-платформасында құрастырылған. Ол үшін Atameken Academy порталы жұмыс істейді. Оқимын деген әр адам порталға кіріп, өзінің жеке куәлігін және Жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы тіркеу керек. Қазір осы жолдамаға қатысты Қызылорда, Тараз қалаларында шу болып жатыр. Неге десеңіз бұл жолдаманы жергілікті жұмыспен қамту орталықтары қағаз түрінде береді. Оны электронды форматта алу мүмкін емес. Сондықтан бүкіл мәселе сол жолдаманы алудан туындап отыр», – деп түсіндірді Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасының орынбасары халық арасындағы «жобаға өз таныстарын қатыстырады» деген қауесетке қатысты пікір білдірді.

«Жолдаманы онлайн беру біздің құзыретімізде емес. Оны Жұмыспен қамту орталығы береді. Жұмыспен қамту орталығы азаматтың қандай категорияда екенін біледі, ал біз білмейміз. Біз тек жолдама алған азаматтарды оқытамыз.  «Атамекен» тарапынан жасалатын әрекеттің бәрі онлайн өтеді. Яғни бұл жұмыста адами фактор жойылған. Егер азаматтардың арасында осыған ұқсас сұрақтар туындаса, Палатаның 1432 кол-орталығына хабарласуына болады. Мұндай жағдайда бірден араласамыз. Әзірге ешкім осындай мәселе бар деп хабарласпады», – деп түйіндеді сөзін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
131 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
180 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
469 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
479 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
607 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
907 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
999 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1027 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1238 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1504 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1733 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1771 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1919 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2117 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2339 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»