8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1328 0
Қоғам

БАЛАПАНДАРДЫ БАПТАУ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Бүгін, 1 наурыз күні  облыс басшысы Ғали Есқлиевтің төрағалығымен өткен кеңесте Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов мемлекеттік бағдарлама арқылы балапан алып, құс өсіруге ниеттенген шаруаларға 45 күндік сүйемелдеу жүргізілетінін жеткізді. 

Ауыл халқының құс шаруашылығымен дендеп айналысуына жағдай туғызу мақсатындағы «Еңбек-балапан» бағдарламасы өткен жылы сәтсіз болғаны жасырын емес. Тұрғынардың балапандарды баптау дағдыларының болмауы, шөжелердің дұрыс тамақтандырылмауы, ұстайтын орынның антисанитариялық жағдайда болуы мыңдаған балапанның өліп қалуына әкелді. Қараусыз қалып, ит-құс, мысыққа жем болуы тағы бар. Мәселен, өткен жылы Теректі ауданында 13 мың балапан алынған болса, оның 1000 шақтысы ғана сатылған, 5000-нан астам балапан өліп қалған. Мұндай қателікке жол бермеу үшін енді әр балапан ұстайтын тұрғынға 45 күн бойына сүйемелдеу жүргізілетін болады. Оған жергілікті окург әкімдері, ветеринар-дәрігерлер, кооператив төрағасы жауапты болады және ұйымдастыру-бақылау жұмыстары үшін маман бекітілмек. Биыл Теректі ауданы 15 мың балапан алып, тұрғындарға үлестіреді. Құс өсіруге ықылас танытқандар үшін 583 мың теңге грант беріліп, оған қажетті дәрумен, вакциналары, жылыту құралдары толықтай алынады.

–   Сүйемелдеу кезінде 4 кезеңдік тамақтануы, күтімі, температуралық режимнің қадағалануы бақылауда болады. Біздің топшылауымыз бойынша шығын 5 пайыздан көп болмайды. 45 күнде балапандарды өсіріп, сатып одан түскен пайдаға қайтадан балапандар алса, қалталарына ақша түсер еді. 100 күннің  ішінде екі айналым жасауға мүмкіндік бар, – деді Арман Өтеғұлов.

Жалпы Теректі ауданы бойынша биыл 102 адам балапан алуға, 400 тұрғын сүтті бағыттағы мал алуға, 26 азамат бау-бақша өсіруге өтінішін білдірген.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
91 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
86 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»