БАЛАЛАР ОТЫРҒАН КӨЛІКТЕ ТЕМЕКІ ШЕККЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Қазақстан бөлімше полициясы автокөліктерінде балалар бар бола тұра темекі шегіп отыратын жүргізушілерге айыппұл салатын болды. Кодекске әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты түзетулерді Сенат енгізді.
Заң жобасында учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері құқық бұзушылықтың мынадай төрт құрамы негізінде қарау және жаза қолдану бойынша кеңейтіледі:
- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне жол беру;
- кәмелетке толмаған адамдардың көлік құралдарында темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамау;
- көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.
Сенатор Андрей Лукин не себепті учаскелік полицияның міндеті осы пункттер бойынша кеңейтілгеніне қатысты түсініктеме берді.
“Мысал келтірейін, көлік қозғалысына кедергі келтірген ішін 2020 жылы 23 500 азаматқа әкімшілік протокол жасалды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне қатысты мыңға жуық жағдай тіркелді. Ал биыл 400 протокол рәсімделіп үлгерді. Бұдан былай бұл Ішкі істер органының басшысы емес, учаскелік инспекторлардың құзыретіне кіреді”, – деді Лукин.
Айтуынша, көбіне бұл өкілеттік ауылдық жерлер үшін қарастырылған.
«Біз елді мекендер, жекелеген ауылдар аудан орталығынан ұзақ қашықтықта орналасқан деп ойлаймыз. Сондықтан хаттама бойынша шешім қабылдап құқық бұзушыны тиісті орынға жеткізуге көп уақыт пен қаражат жұмсалады. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесінің орнында қандай да бір бюрократиясыз дәлелдемелермен хаттама жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдайды.
Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес Қазақстанда темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін, оларға арналған сұйықтықтарды онда кәмелетке толмағандар болған кезде көлік құралдарында тұтынуға тыйым салынады. Құқық бұзушылық жасағат жеке тұлғаларға15 АЕК (2021 жылы 43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу