8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1279 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ ӨҢІРДЕГІ КОРОНАВИРУСҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙДЫ БАЯНДАДЫ

Індетке қарсы барлық шаралар қолға алынып жатқанынан қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Алдыңғы шепте жүрген медициналық қызметкерлер тынымсыз еңбек етіп, күні-түні науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуде. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді және коронавирусқа қатысты жағдайды БҚО әкімі Ғали Есқалиев бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің  баспасөз алаңындағы брифингте баяндады.  

БҚО әкімі атап өткендей, өңірде коронавирусқа  қатысты жағдай күрделі. Бүгінгі күні 940 адам ем алуда.  Оның ішінде  473 адамның жағдайы орташа дәрежеде  болса, 92 адам ауыр халде жатыр. Ауруға шалдыққандар облыс орталығына және  аудандарда да анықталды. Ең көбі, яғни 61 пайызы Орал қаласында. қала бойынша науқастанғандар саны 2100 адамға жетті. Бөрлі ауданында – 223, Бәйтеректе – 208,  Ақжайықта – 141 ауруға шалдыққан.

1 сәуірдегі жағдай бойынша  стационарларда 380 кереует болған болса, науқастардың көбеюіне  байланысты кереуеттер 3 есеге көбейтіліп, 1125-ке жетті. Дегенмен, бүгінде кейбір стационарларда кереуеттердің тапшылығы байқалуда. Сондықтан жақын күндері облыстық және қалалық көпбейінді ауруханаларда 230-дай кереуеттік  орын ашылады.

– Жалпы орын тапшылығы бойынша  мәселе шешіледі. Қазіргі уақытта оттегі концентраттары және  медициналық қызметкерлер тапшылығы бар, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Брифингте  облыс басшысы осы екі басты мәселеге кеңірек тоқталды.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
20 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»