8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1347 0
Дені сау ұлт

БҚО ӘКІМІ: «ДӘРІХАНАЛАР ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУҒА АЛЫНАДЫ»

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндап, дәрілік препараттардың  жеткізіліміне де тоқталды.

Кейінгі бес ай ішінде облысқа вирусқа  қарсы және  қызу түсіретін дәрілердің жетікізілімі 5 есеге көбейген. Қазіргі уақытта парацетомалқұрамдас препараттардың, ацетил қышқылы, цефтриаксон, вирусқа қарсы препараттар, азитромицин, аскорбин қышқылының белгілі қоры бар. Парацетамол, левофлоксацин және  антикоагулянттар жетіспеуде. Бұл дәрілік заттарға тапшылық еліміздің  басқа өңірлерінде  де бар. Облыс басшысының сөзінше, бұл дәрілерді өндірушілердің жөнелтілімді кешіктіруіне байланысты болып отыр.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дәрілік заттарды алып сатумен айналысушыларды анықтау және дәріханалардағы бағалардың өсуін қадағалауды жүргізудеміз. Мониторинг тобы кейбір дәріхана иелерінің тарапынан жіберілген олқылықтарды тіркеп үлгерді. Барлық материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаментіне жолданды. Бұзушылыққа жол бергендерге айыпұл салынатын болады. Дәріханалар бағаны мемлекеттік органдар рұқсат берген бағадан артық көтермеулері керек, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Дәрілердің шекті бағаларын www.dari.kz сайтынан немесе мобилдік қосымшаны жүктеп алып, қарауға болады.

– Кейбір дәріханаларда сатушылардың дәрілік заттарды кассадан тыс өткізіп, үстінен қосымша ақша талап етіп отырғаны туралы ақпарат түсуде. Дәріхана иелері мен сатушыларға қазір қатаң қадағалау жүргізіліп жатқанын қатерлеріңізге салып, мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін әкелетінін ескертемін. Дәріхана басшылары біз қамтамасыз етіп отырған дәрі-дәрмектерің ашық сатылуын қатаң қадағалауға алуы тиіс, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Сондай-ақ облыс басшысы науқастарды емдейтін барлық  мемлекеттік медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен препараттардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»