8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2019 1756 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ: «АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫМЫЗ ӨТЕ АУҚЫМДЫ»

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясында БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР Президентінің қатысуымен өткен  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша баяндама жасап, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сессия жұмысына ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұхамеджан Абауов қатысты.

Облыс басшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы тапсырмаларын бірлесе атқаруға шақырып, әр сала бойынша өзекті мәселелерді атады.

– 2015 жылдан бастап индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы сомасы 91 млн. теңге болатын 32 нысан іске қосылды. 1500-ге  дейін тұрақты жұмыс орындары ашылды. 32 нысанның екеуі қазір жұмыс жасамайды. Олар – «Каризма» жиһаз цехы мен «Краун Батыс» мал бордақылау алаңы. Дегенмен, соңғы төрт ай көлемінде «Краун Батыс» жұмысын қайта жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жаңа инвестор табылып, ол мал бордақылау кешенін қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 90 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Бұл орайда Ғали Есқалиев өңдеу өнеркәсібі бойынша жоғары деңгейге ие болуға септігін тигізген Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы, «Зенит», «Орал  трансформатор зауыты», «КазТурбоПром», «КазАрмаПром», Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы, «Стройкомбинат» сынды өндіріс орындарын атап өтті. Ендігі міндет – жылдың екінші жартыжылдығында да осы қарқыннан түспей, табыс көлемін 210 млрд. теңгеге дейін жеткізу. Жыл соңына жалпы құны 4,5 млрд. теңге болатын тағы үш нысан іске қосылады деп күтілуде. Бұлар – Орал трансформатор зауытының жаңа цехы, «134» ЖШС-ның Бәйтеректе салып жатқан кірпіш құрылысы зауыты және Тасқала ауданында бөтелкеге су құюға арналған цех құрылысы. Сондай-ақ индустрияландыру картасына қаралмаған бес нысанды іске қосу жоспарлануда.

– Индустрия министрлігі біздің облысымызда жобалардың аздығы туралы сын айтқан болатын. Сондықтан тиісті органдармен қатар депутаттар,  кәсіпкерлер индустриялизациялау бойынша Елбасы қойған міндеттерді атқаруда белсенділік танытуы керек.  Елбасы тапсырмасымен отандық өндірушілерді қолдауға 500 млрд. теңге бөлінді. Бұл экспортпен айналысушы компаниялардың шығындарына жұмсалады. Бізде үш компания ғана бұл қызметті қолданды. Олар – «Кублей», «КазАрмаПром» және «Стекло сервис». Экспортпен айналысып отырған басқа да компанияларға осындай мемлекеттік қолдау шараларының бар екенін жеткізу – біздің міндетіміз. Көптеген өңірлер қолдау шараларын тиімді пайдаланады. Әрі біздің өңіріміз ірі мемлекетпен шекаралас болғандықтан, транспорттық-логистикалық әлеуетіміз жоғары. Қызметтеріміз бен өнімдерімізді экспортқа шығаруды арттыруымыз керек. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Елбасы тапсырмасымен отандық өндірушілерді қолдауға үш жылға 600 млрд. теңге бөлініп отыр. Еліміз бойынша 41 млрд. теңгеге 92 жоба мақұлданған. Олардың 221 млн. теңгесі ғана біздің өңірдің жобаларына тиесілі.  Яғни, мемлекеттік қолдаудың бар болғаны 0,5 пайызын ғана пайдаланып отырмыз, – деді Ғали Есқалиев.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінен республика өңірлері арасында біздің облыс Жамбыл облысынан кейінгі ең соңғы орында. Ал Көршілес Атырау, Маңғыстау облыстары бұл жағынан алдыңғы үштікте.

–2019 жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша 700 мың бас ірі қара, 200 мың бас жылқы 1 400 мың бас қой, 280  мың бас ешкі бар. Бізде алдыңғы жылдармен салыстырғанда өсім бар.  Бірақ, бұл статистикалық мәліметте көрсетілмеген. Сондықтан есеп түзетілуі керек. Осыған байланысты күні кеше ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары мен Орал қаласы, аудан әкімдеріне статистика басқармасымен бірігіп, аталған көрсеткішті жыл қорытындысына дейін өсіруді тапсырдым, – деген облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы атап өтті.

Биыл агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуға 14,5 млрд. теңге бөлінген. Алғашқы жартыжылдықта «ҚазАргоҚаржы» ұйымының өңірлік филиалы арқылы ауыл шаруашылық құрылымдарына 8,4 млрд.  теңге несие берілген. Алайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлар мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттанбай отыр. Әсіресе, субсидиялау бағдарламаларының талап-шарттарының жиі өзгеруіне байланысты шағым көп. Бұл мәселе қазір Президенттің тапсырмасы бойынша қайта қаралатынын жеткізген өңір басшысы мемлекеттен көрсетілетін көмек бюджетін 3-5 жылға бекіту туралы министрлікке тапсырма берілгенін мәлім етті.

– Ауыл шаруашылығы саласында көптеген мәселелер бар. Оларды шешу үшін нақты бағдарлама жасауымыз керек. Мәселен, аудандардағы шаруалар ветеринар мамандарының жетіспейтінін айтуда. Облыстағы мал дәрігерлерін дайындайтын оқу орны – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. Өткен жылы оқу орнынан ветсанитария, ветмедицина мамандықтары бойынша 124 түлек диплом алған. Олардың көпшілігі ветеринарлық дәріханаға немесе ветеринарлық клиникаларға ғана жұмысқа орналасуға тырысады екен. Ауылға баруға құлық танытпайды. Әр шаруа қожалығына жеке ветеринар алу қаржы жағынан тиімсіз. Сол себепті бірнеше агроқұрылымның бір ветеринар қызметін пайдаланғандары жөн, – деді Ғали Есқалиев.

Өңір басшысы айрықша тоқталған тағы бір сала – мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту. Ғали Нәжімеденұлының сөзінше, мемлекеттік жекеменшік әріптестік – әлеуметтік тапсырмаларды орындауда бюджеттің бір саласы болуы керек. Әйткенмен, бұл бағыттағы жұмыс облыста баяу. Бар-жоғы 7 жобаға ғана қол қойылған.

Сондай-ақ облыс әкімі атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты тексеру жұмыстары басталғанын жеткізді. Бүгінге дейін 9 мыңнан астам отбасына 2,3 млрд. теңге  төленген. Биылғы жылдың 1 сәуіріне АӘК алушылар саны 5 есеге өскен. Жыл соңына дейін 60 мың адам қамтылмақ. АӘК-ті қаржыландыру бойынша бюджеттен 4,8 млрд. теңге бөлініп отыр. Жыл соңына дейін бұл сома 7 млрд. теңгені құрайтын болады.

– АӘК дұрыс тағайындалуына тексеру жүргізілуде. Кейбір азаматтардың АӘК алу үшін малдарын өзгелердің аттарына жазып, мекен-жай тіркеулерінен шығу жағдайлары бар.  Осындай деректер анықталатын болса, олар бұған дейін алған ақшаларын қайтаруға мәжбүр болады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Тұрғын үй кезегі – өңірдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде облыстағы 25 мың адам кезекке тіркелген. Баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы белсенді жүзеге асуда. Қазір 17 көпқабатты үй, елдімекендерде 119 тұрғын үй салынуда. Жалпы 3036 пәтердің 1388-і кезекте тұрғандарыға арналмақ. Биыл 1593 пәтер қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оның 535-ін кезекте тұрғандар алады.

Бұдан әрі денсаулық сақтау, білім беру салаларын жақсартуға қатысты атқарылуы тиіс жұмыстар баяндалды. Атап айтқанда, білім беру саласына инвестиция тартуды күшейту керек. Ал денсаулық сақтау саласында 300-дей медициналық қызметкер жетіспейді. Биыл 175 маманның келуі күтілуде. Олардың 74-і ауылдарға жолданбақ.

– Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі мақсаты – халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Сонымен қатар Елбасымыздың барлық бастамаларының жалғасын табатынын ескертті. Осы орайда алдымызға жаңа міндеттер қойылды. Атқаратын жұмыстарымыз өте ауқымды. Президентіміздің тапсырмаларын жүзеге асыруға өңір тұрғындарымен бірлескен жұмыс жоспарын құруымыз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, өршіл мақсаттарға жетелейтін жолда ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырамын, – деп сөзін түйіндеді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
370 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
390 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
463 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
565 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
768 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
771 0
Қалалықтар қаперіне
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
06 Наурыз 2024
1318 0
Қалалықтар қаперіне
Инвестициялық әріптестік мәселесін талқылады
06 Наурыз 2024
1327 0
Қалалықтар қаперіне
«Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес»
05 Наурыз 2024
1485 0
Қалалықтар қаперіне
Пітір садақа мөлшері белгілі болды
05 Наурыз 2024
1571 0
Құттықтаймыз!
«Қайырымдылық керуені» – мейірім мекені
01 Наурыз 2024
1911 0
Бәрекелді!
Қазақ күресінен жарыс өтті
01 Наурыз 2024
1966 0
Қалалықтар қаперіне
Салық мөлшерлемесі 3 %-ға дейін төмендетілді
29 Ақпан 2024
2029 0
Қоғам
41 қаржы пирамидасы жойылған
28 Ақпан 2024
2056 0
Құттықтаймыз!
23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар
27 Ақпан 2024
2205 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»