8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2021 1179 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 358 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша  Батыс Қазақстан облысы бүгін  «қызыл» аймаққа  кіргені мәлім. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспаөз қызметінің  мәліметінше, індет таралған уақыттан бері облыста жалпы коронавирустық инфекцияның 13 878  жағдайы тіркелген. Олардың 7 466-сында ауру белгілері білінген болса, 6412 жағдайда симптомсыз өткен. Бүгінде 11 459  азам жазылып шықты. Олардың 5160-ы стационарларда емделген, 6299-ы – амбулаторлық ем алғандар. Осы індеттен 219  өңір тұрғыны көз жұмды.

Өткен тәулікте 51 адамнан коронавирустық инфекция анықталды, апта ішінде 413  жағдай тіркелген.

Бүгінде covid-19 белгілері бар пневмониямен 250  науқас стационарға орналастырылған, 40 адам үйде емделуде.

Науқастардың алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 14 науқас оттегі  концентратымен демалуда. 68 науқас орталықтандырылған оттегіге қосылған.

Өңірде 591  орындық жеті инфекциялық стационар бар. Қазіргі уақытта  инфекциялық стационарларда 275 науқас жатыр, яғни 46,5 пайызға толық. Карантиндік стационарлардың саны – төртеу, 195 кереуетке есептелген. Бүгінде  19  адам орналастырылған, толымдылығы 19,5 пайызды құрайды. 62 реанимацияық кереует бар, оларда 16  адам ем алуда, толымдылығы – 25,8 пайыз.

Сондай-ақ 1981 орын резерві дайындалған. Олардың 1221-і  инфекциялық, 765-і карантиндік кереуетке  арналған.

Оқу жылы басталғалы 563 оқушыда инфекция анықталды. Оның 358-і – жыл басталғалы наусқастанғандар. Басқарманың  мәліметінше, балалардың бәрінде де ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырғаны анықталған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»