БҚО-ДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІ МЕКТЕБІ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ТҮЛЕТТІ
Математика және физика пәні бойынша олимпиада резерві мектебі осыдан төрт жыл бұрын, 2017 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №523 бұйрығымен «Дарын» қосымша білім орталығының жанынан ашылған еді. Алғашқы түлектер салтанатты түрде қолдарына сертификаттарын алды.
Облыс оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау, оны дамыту мақсатында ашылған математика және физика пәні бойынша Олимпиада резерві мектебіне 40 оқушы қабылданған болатын. Мектепте оқумен бірге жүргізілген қорытынды бақылаулар, олимпиадалар нәтижесінде оқушылар іріктеліп, бүгінде 22 оқушыға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығының базасында Облыстық олимпиада резерві мектебін бітіргендігі туралы сертификаттары табыс етілді.
4 жыл ішінде әртүрлі облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары атанған оқушылар және осы оқушыларды сессия, сессияаралық кезеңдерде білім нәрімен сусындатқан ұстаздар білім басқармасының алғыс хат, дипломдарымен марапатталды.
Салтанатты жиынның соңында Олимпиада резерві мектебінің оқушылары «Жайық дарыны» атты тақтаға өз есімдерін қалдырып, раушан гүлдерін отырғызды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру


Пікір үстеу