БҚО-ДАҒЫ 118 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР САНАТЫНДА
Бүгін өңірлік коммуникациялыр қызметі ұйымдастырған брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «КЕАҚ» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова 2020 жылдың 1 қаңтарынан баста іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл бойынша алдын-ала қорытындысын баяндады.
– Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 88% – дан астамы (17 млн адам) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болды. Олардың 11 млн-ға жуығы-азаматтардың 15 жеңілдік санатындағы өкілдері, олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. Өкінішке орай, бүгінгі күні облыс бойынша тегін медиицналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет алатын сақтандырылмаған азаматтардың саны 118 890 адамды құрайды. Осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, біздің облыстың барлық тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтердің толық пакетін алуы үшін халық арасында тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Нұржамал Шамғонқызы.
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып есептелді және медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы болды. Бұл уақыт ел тұрғындарының жүйеге бейімделуіне және олардың мәртебесін анықтауға мүмкіндік үшін берілді. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап СМС пакетіне тек сақтандырылған азаматтар ғана қол жеткізе алды, яғни 2020 жылдан бастап қазақстандықтар медициналық қызметтерді екі пакет бойынша алады.
Біріншісі – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі.
ТМККК минималды стандартында шұғыл медициналық араласуға, жедел жәрдемге, санитариялық авиацияға, бірқатар созылмалы аурулар серпініндегі бақылауға, шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын көмекке қатысты барлық нәрсе. Шұғыл жағдайда медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша барлығы емханаға жүгіне алады, стационарда емделе алады, әлеуметтік мәні бар аурулардың диагностикасынан және емделуінен өте алады. Медициналық оңалту – covid-19 науқастарына және туберкулезбен ауыратындарға, ал паллиативтік көмек – оған мұқтаж барлық адамдарға көрсетіледі. Осы ереже айналасындағылар үшін қауіпті негізгі созылмалы инфекциялық емес және жіті инфекциялық ауруларға да қолданылады.
Екінші деңгей – медициналық көмекті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алуға болатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. МӘМС пакеті – бұл қымбат тұратын операциялар, сирек кездесетін медициналық қызметтер, тар мамандардан қабылдау, сондай-ақ өмір сапасын арттыруға арналған қызметтер. МӘМС орташа табысы бар тұрғындар үшін қымбат қызметтерді қамтиды: МРТ, компьютерлік томография, ПТР-талдау. Сондай-ақ стационарға алмастыратын көмек, жоспарлы көмек көрсетілетін болады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жоғарыда аталған медициналық қызметтерді алу үшін МӘМС жүйесіне жарналар ай сайын, берешектер пайда болмай жүргізілуі тиіс.
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылу мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтар ТМККК пакеті бойынша тегін медициналық қызметтерді кепілді түрде алуы тиіс. тіпті егер адам сақтандырылмаған болса да, ол әрқашан мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмекке құқылы, бас тартулар болмауы тиіс. Біз азаматтардың қорға деген Осындай шағымдарына өте мұқият қараймыз, – деп атап өтті Нұржамал Жұмағұлова.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу