БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯМЕН АУРУШАҢДЫҚ ДЕҢГЕЙІ КҮРТ ӨСУДЕ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Күлбарақова айтты.
Облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғаннан вакцинаның І компонентімен 258 901 адам егілді. Бұл жалпы жоспардың 62,4 %-ын құрайды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасын 184 778 адам, «QazVac» вакцинасын 20 136 адам, «Hayat – Vax» вакцинасын 25 000 адам, «Corona-Vac» вакцинасын 7 729 адам, «Vero Cell» вакцинасын 21 256 адам алды.
Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 245 373 адам егілді.
Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 6 301 адам алды, оның ішінде 3 332-сі жасөспірім, 220-сы жүкті және 2 749-ы бала емізетін әйелдер.
Бүгінде облысымыздың 24 574 тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Өздеріңіз көріп тұрғандай,коронавирустық инфекция бойынша ахуал облыс бойынша да республика бойынша да нашарлауда. 6 қаңтардан бері облысымыз бойынша коронавирустық инфекциямен аурушаңдық деңгейі күрт өсуде. Сондай-ақ жаңа «омикрон» штаммымын жұқтыру қаупі бар екенін ескеру керек», – деді А.Күлбарақова.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Соңғы жаңалықтар

«Жайық үні-Жизнь города» газетін сатып алатын дүңгіршектер(киоскілер):

В ЗКО Городской Многопрофильной больнице врачи впервые провели нейрохирургическую операцию в рамках ОСМС.

Жылжымайтын мүлік объектілері мекен-жайларының мәліметтері бойынша жаңа сервис eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

«Жайық үнінің» осы аптадағы нөмерінің қос беті БҚО Денешынықтыру және спорт басқармасына арналды. Өңір спорты жасай берсін!

Тарихтың тарланы

Департаментом по ЧС ЗКО в селе Чапаево Акжаикского района проведено выездное оперативное совещание об итогах оперативно-служебной деятельности

Пікір үстеу