БҚО-ДА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Батыс Қазақстан облысында үстіміздегі жылы кардиологиялық орталық мәселесі түбегейлі шешімін табады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кардиологиялық орталықта орын жоқ. Науқастардың уақыт өткен сайын жасаруы мен түрлі себептермен бұл ауруға шалдығушылар қатарының артуы медициналық мекемеде бірнеше жылдан бері орын тапшылығы мәселесін тудыруда. Ал өңірдің денсаулық сақтау ісіне жауапты шенеуніктер, тығырықтан шығу жолын іздеп әлек.
Облыстық кардиологиялық орталық 140 адамға шақталған. Бірақ дәрігер көмегіне жүгінгендердің саны одан да көп. Сондықтан палата босағанға дейін жүрегі сыр берген сырқаттар дәлізде емделеді. БҚО кардиологиялық орталық директорының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиеваның айтуынша, осыдан үш жыл бұрын заман талабына сай, жаңа типтік кардиоорталықтың салу мәселесі көтерілген. Бірақ, былтыр коронавирус індетінің кесірінен бұл жоспар жоба күйінде қалыпты. Әрі орталық COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін «лас» және «таза» аймақ болып екіге бөлініпті. Орын тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр.
Айта кеткен жөн, науқастар уақыт өткен сайын жасарып келеді. Күз бен қыс мезгілінде саулығы сыр бергендер күрт көбейіп, бір күнде 60-тан аса науқас орталыққа жеткізіледі екен. Облыстың бас дәрігері бұл мәселе биыл шешілетінін мәлімдеді. Алайда жаңа емдеу мекемесінің нақты қай жерде және қай уақытта бой көтеретінін дөп басып айтқан жоқ.
Бір ескере кететін жағдай, осы кезге дейін құрылысы аяқталмаған түрмені емдеу мекемесіне айналдыру туралы мәселе жабылған. Жаңа емдеу мекемесіне өзге орын қарастырылуда.
– Қазіргі кардиоорталық, бұрын Кеңес үкіметі кезінде шипажай болған ғимаратта орналасқан. Нысан қажеттілікке сай қайта жабдықталғанымен, сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Әрі кетсе, мұнда 200 адамды емдеуге болады. Бірақ өңірге жаңа орталық ауадай қажет. Жоспар мен ұсыныс басшылыққа жеткізілді. Бұл туралы ақпаратты алдағы уақытта жариялайтын боламыз, – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу