БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 16 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
Бұл туралы бүгін, 29 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен коронавирустық таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысында ұсынылды.

БҚО-да коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық наурыз айында көбейді. 1 наурыздан бері 1868 оқиға тіркелген. Аурушаңдық жыл басынан 20 пайызға дейін артып, облыс 20 наурыздан бастап коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың мәлімдеуінше, аурушаңдықтың көбеюінің негізгі себептері – ақпан, наурыз айларында карантиндік шектеу шараларының жеңілдетіліп, тұрғындардың маскасыз жүруі, той-туған күндерді ұйымдастыру және наурыз айларында көпшіліктің жиналуымен мейрамдардың тойлануы.
– Осындай жайбарақаттылық аурудың тіркелу жағдайының артуына алып келді. 20 наруыздан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылды. Бұл –аурудың өсу бағытын төмендету мақсатында қабылданған шара. Осы карантиндік шектеулерді 16 сәуірге дейін ұзартуды ұсынамын. 27 наурыздан бастап, соңғы үш күнде аурушаңдық күрт көбейді. Ауруханаларға емге жатқызылған науқастардың саны да артты. Қазіргі инфекциялық кереуеттер саны 596 болса, соның 355-інде коронавирус инфекциясымен ауырғандар ем алуда. Қазіргі аурушаңдықтың тіркелуін көбейіп тұрғанын ескеріп және 14 күндік инкубациялық кезеңмен есептегенде әлі де өсу бағыты байқалуы мүмкін, – дейді М.Арыспаев.
Инфекцияны жұқтыру негізінен үй жағдайында карантиндік шектеулерді сақтамау салдарынан көбеюде. Сондай-ақ емхана, сауда үйлері сынды адамдардың көп баратын жерлерінде инфекцияның жұғуы тіркеліп отыр. Қоғамдық көлікте жүру кезінде, салтанатты жиындарға барғанда жұқтырған науқастар да көп. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы оң нәтиже бермей отырғанын атап өтті. Мәселен, өңірде 168 мониторингтік топ құрылған. Олар осы наурыз айында бетпердесіз жүргендерге қатысты 10 хаттама ғана толтырған. Жасырын той, туған күн ұйымдастырылып келеді, әйтсе де ресми түрде екі-ақ дерек, кафе-мейрамханаларда өткен көпшілік шаралар бойынша 4 факті тіркелген.
Жедел штаб отырысын қорытындылаған облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы ең басты мақсат – тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі екенін атап, осы міндетті атқаруда барлық күш-жігер жұмсалатыны өтті. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай жақсармаса, қатаңдатылған карантиндік шектеулер қабылдауды тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу