БҚО-ДА БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Облыстағы білім беру ошақтары қашықтан білім беру жүйесіне сақадай-сай. Жаңа оқу жылындағы жұмысты 144 білім ұйымы осы жүйе арқылы бастайтын болады. Ал 12 мың бала мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі пленарлық отырысында мәлім болды. «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» атты тамыз конференциясына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Жаңа оқу жылы алдындағы дәстүрлі басқосудың бұл жолғы форматы бөлек. Жылдағыдай емен жарқын жүздесу мен өзара тәжірибе алаңындағы басқосу емес, білім беру жүйесіне енгізілген уақытша өзгеріске сай, педагогтар қашықтан білім беру жоспары бойынша байланысқа шығып, жаңа оқу жылы алдындағы бірқатар мәселелер мен өткен жылдағы жетістіктерін жариялады. Дәстүрлі тамыз конференциясында сөз алған облыс әкімі ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, салаға жас мамандардың қосылып жатқанын жеткізді.
Әлемдік дағдарысқа қарамастан жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай. Әлеуметтің осал тобы үшін мектепке жол акциясы енді жыл бойына жалғасатын болады. Өңірде 18 мың балаға көмек берілген. Сонымен қатар апатты мектептер мен 3 ауысымды білім беру ұйымдарын жою жолында мақсатты жоспарлар қойылып, су жаңа заманғы талаптарға сай мектептер бой көтеруде. Мәселен, облыс орталығында 900 орындық жаңа мектеп пен М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттеріне арналған жатақхана құрылысы басталған. Облыстың бас мұғалімі Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, жаңа форматтағы білім беру жүйесіне ұстаздар да, оқушылар да дайын.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 310 млн теңге қаражатқа мектеп ішінде әжетханалар салынып, 210 млн теңгеге бейнебақылау құрылдары орнатылса, мектеп маңын жарықтандыру мен жолдан өту жолақтарымен бағдаршамдар қою жұмыстары жан-жақты ұйымдыстырылған. Қашықтан білім беруге мектептерден бөлек ЖОО-да да толықтай дайын. Мәселен, өңірдегі іргелі оқу орындарының барлығы да оқу жылын онлайн режимде бастайтын болады. Облыста барлығы 34 колледж болса, олардың оқытушылары білім беру сапасы төмендейді деген жаңсақ пікір екенін айтады.
Облыс әкімдігі жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен биыл 50 жас грант иегері атанған.


Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу