БҚО-ДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТТІ
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 24 сәуір күні БҚО-да облыста «Ашық әкімдік» азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.
«Ашық әкімдік” барысында азаматтарды Орал қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ, облыстық басқарма басшылары қабылдады.
Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Азаматтар бұрын жарияланған сілтеме арқылы онлайн залдарға кіріп, кезек тәртібімен тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының қабылдауында болды.
Өңірде жаңа форматтағы онлайн қабылдау алғаш рет өткізіліп, оған 25 жастан асқан тұрғындардан бастап ҰОС ардагеріне дейін қатысты.
Онлайн қабылдау 6 сағатқа созылып, осы уақыт ішінде БҚО әкімі Ғли Есқалиев 23 тұрғынды қабылдады. Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков 11 тұрғынды қабылдады. Қойылған сұрақтар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, интернет байланысына қатысты болды.
Сондай-ақ, Орал қаласын абаттандыруға және мүлік иелерінің бірлестігін (ОСИ) жандандыруға қатысты ұсыныстар да келіп түсті.
«Ашық әкімдік» іс-шарасы халықта туындайтын өзекті мәселелерді жедел және тиімді шешуге ықпал ететінін атап өту керек. Онлайн форматты қолдану – бұл уақыттың талабы ғана емес, сонымен бірге уақытты және қаражатты үнемдейтін, қашықтан қабылдау үшін ең қолайлы мүмкіндік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялар кез-келген жерден сөйлесуге мүмкіндік береді. Әсіресе интернет байланысы бар облыс аудандары мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы.
Қабылдаудан кейін тұрғындарға онлайн іс-шараның тиімділігі туралы жасырын пікір білдіру ұсынылды. Сауалнамаға сәйкес өтініш білдіргендердің 79 пайызының өз мәселелері оң шешімін тапты.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу