8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2021 1611 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО АУМАҒЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ «ASHYQ» ЖОБАСЫН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Бүгін, 31  мамыр күні БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.К.Арыспаев «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары және «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулыға қол қойды. Жаңа қаулы 2 маусымнан бастап күшіне  енеді. 

Қаулы мәтіні төмендегідей:

Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағының 3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары енгізілсін.
  2. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары, БҚО Кәсіпкерлер палатасы, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері:

1)Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (бұдан әрі-ҚР БМСД)2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68қаулысына, сондай-ақ ҚР БМСД 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес,сары аймақ жұмысын шектеу критерийлері бойынша Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;

3) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін және коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз;

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтан және штаттық жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің шаттық режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы 5 (бес) адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларынқоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

5) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 18-қосымшасына сәйкес, балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) жұмысына рұқсат беру.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша):

– ҚР БМСД 22.05.2021ж. №22 қаулысының талаптарына сәйкес, «Ashyq»жобасына қатысуға өтінімдерді қарау және қатысушылардың тізімін әкімдікке жіберуді;

– жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді;

– кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ashyq»қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

– ҚР БМСД 22.05.2021ж. №22Қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

ҚР БМСД № 67 талаптарын сақтай отырып, қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, отыратын орындар саны бойынша толтырылу).

  1. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

– ҚР БМСД 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ҚР БМСД №68 Қаулысына сайқызметі қайта іске қосылмаған объектілергебармау;

– объектілер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады.

  1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының және аудандарының әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– ҚР БМСД 22.05.2021ж. №22 Қаулысына сай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын енгізуді;

-ҚР БМСД №68Қаулысымен белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

– шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;

– бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

– шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

– InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін бақылауды;

– Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша күндіз және түнгі уақытта объектілерде мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

– персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

– келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

– келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. 9. Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– ҚР БМСД 22.05.2021 ж. №22 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінде шектеу критерийлерінің сақталуын бақылау;

– рұқсат беру құжаттары жоқ(эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама), тыйым салынған қызмет түрлерімен объектілерге жобаға қатысуға жол бермеу мақсатында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін өңірлік кәсіпкерлік палаталарында ҚР БМСД 22.05.2021 ж. № 22 қаулысына сәйкес қарау сатысында келісу;

– «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін;

– халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылауды;

– әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;

– карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

– тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ, симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

– үй карантиніндегі байланыста болғандар, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) Қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлауды;

– инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

– халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;

– COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

– санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

  1. БатысҚазақстаноблысының полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

– аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;

– расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;

– COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету.

  1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау;

– облыста пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіру үшін App Store немесе Play Market-тен«Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеу қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;

  1. 13. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  2. 14. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің«Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту және «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 12мамырдағы №12 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
  3. 15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. 16. Осы қаулы 2021 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері      М.К.Арыспаев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
159 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
274 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
523 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
789 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1018 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1053 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1206 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1401 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1633 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1720 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1831 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1838 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1869 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1872 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1976 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2197 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»