ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖҰМЫСҚА СҰРАЛАТЫН ҚАҒАЗ АНЫҚТАМАЛАРДАН БОСАТЫЛАДЫ
«Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе электрон үкімет порталынан алуға болатын (қажетті) анықтамалар миллиондаған рет беріледі екен. Бизнес-құрылымдар соттылығы туралы, психо-наркобақылау анықтамасы мен мекенжайын растауды талап етеді. Жыл соңына дейін сервис жасауды жоспарлап отырмыз, ол қазір тестіден өтіп жатыр. Оның көмегімен адамдар анықтамаларын ешқайда апармаса да болады», – деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, жаңа сервис жұмыс берушіге жаңа қызметкер туралы анықтамаларды өз бетінше сұратуға мүмкіндік береді.
«(Жұмыс беруші) ЖСН енгізеді, ол алғысы келген ақпаратқа басады. Адамға бұл деректерді жұмыс берушіге электрон форматта беруге рұқсат сұрап SMS (сұрақпен) келеді. Ол «Ок» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни, жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында арлы-берлі жүру тоқтайды», – деді министр.
https://nege.kz/news/el/kazakstandiktar_zhumiska_suralatin_kagaz_aniktamalardan_bosatiladi_20210604140251
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу