8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қазан 2021 1273 0
Дені сау ұлт

Қазақстанда жыл басынан бері балаларға 580-нен астам жоғары технологиялық операция жасалды

 Қазақстандық балаларға жыл сайын жүздеген жоғары технологиялық операциялар жасалады. 2021-жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен 2,4 млрд теңге сомасына 582 операция жүргізілді. Жоғарыда аталғанбіроперацияныңорташақұны 4 млн теңгеден асады.

 

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерінің көмегімен жүргізіледі.

ЖТМҚ-мен емделетін балаларда жиі кездесетін диагноздар – қанайналымы жүйесі, генитурарлы жүйе, асқорыту, эндокриндік жүйелерінің аурулары және туабіткен ақаулар.

Жыл басынан бері 198 бала кохлеарлық есту аппараттарын имплантациялаудың арқасында есту мүмкіндігінеие болды,172 пациент жүрек қызметін қалпына келтірді, 67 баланың несеп-жыныс жүйесі органдарында ота жасалынды.  Қазақстандық мамандар қан мен сүйек кемігінің онкологиялық ауруларын емдеу кезінде 22 аллогендік және 5 аутологиялық сүйек кемігін трансплантациялауды жүргізді.

Тағы 9 кішкентай қазақстандыққа бауыр трансплантацияланды, екі балаға ми ісіктері кезінде күрделі нейрохирургиялық оталар жасалынды.

Ең көп жоғары технологиялық медициналық көмек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көрсетіледі. 2021 жылдың 8 айында елордада балаларға 278, Алматыда – 252 жоғары технологиялық ота жасалды.

Ел ішінде медициналық технологияларды дамыту, бұл балаларға шетелге емделуге шықпай-ақ ем алудың мүмкіндігі екенін атап өткен жөн.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруға ақы төлейді. Шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-кластар өткізу, бейінді отандық дәрігерлерді (онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, ангиохирургтер) қазақстандық ауруханалар мен ҒЗИ-да енгізілетін жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді.

Биыл мастер-класс шеңберінде 8 балаға интраокулярлы ретинобластомамен селективті артериялық химиотерапия жүргізілді, бұл қатерлі ісіктерді емдеуге көмектесті, 5 балаға көмей және кеңірдек стенозымен түрлі рекоструктивті операциялар жасалынды, 1 балаға халықаралық тіркелімнен бағаналық жасушаларды жеткізу арқылы туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогенді транспланттау жүргізілді.

 

 ЖТМҚ-ға жолдаманы қалай алуға болады?

ЖТМҚ алуға жіберу туралы шешімді пациентті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін қандай да бір медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін бейінді мамандар кіретін жергілікті денсаулықсақтау басқармасының басшысы құрған арнайы комиссия қабылдайды.

Бұдан әрі медициналық ұйым пациенттің тіркелген   ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді, содан кейін комиссия құжаттарды қарайды, жолдаманың негізділігін айқындайды және хаттамаға ресімдей отырып, шешім қабылдайтын болады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді. Электрондық форматта қалыптастырылған медициналық ұйымға емдеуге жатқызуға жолдаманы пациент веб-порталда, ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу кезінде қабылдау бөлімінде және тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына сұрау салу бойынша ала алады.Емдеуге жатқызуға жолдама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қаралады және науқасты стационарға емдеуге жатқызу күнін айқындайды.

 

Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ,  Қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз:1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
25 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
309 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
568 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
807 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
842 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
997 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1191 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1426 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1511 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1621 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1629 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1659 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1664 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1767 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1987 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2296 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»