ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ 2021 ЖЫЛЫ 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШЕДІ
Қазақстан мектептері 2021 жылы 12 жылдық білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазды baq.kz.

Бұл сұраққа жауап берген Аймағамбетов Қазақстанда 11 жылдық білім беру жүйесі екенін айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы бекітілгенде дәл осы 11 жылдық мектептің 1-11 сынып аралығындағы бағдарламалары бекітілді. Тиісінше, қазір жаңартылған бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сыныптардың 95% өтті. Келер жылы 11-сыныпты көшіру жоспарланып отыр. Қазір осы сыныптардың көшуі өте маңызды. Алдын ала дайындықсыз 12-сыныпты енгізер болсақ, бұл сынып мектеп инфрақұрылымына, педагогтарды дайындауға, жаңа оқулықтар шығаруға және тағы басқа үлкен жүктемені білдіреді. Бұдан біз үлкен мәселелерге тап боламыз», – деді ол.
Білім министрі барлық 11-сынып жаңартылған оқу бағдарламасына ауысқаннан кейін 12 жылдық білім беруге көшу жоспарланып отырғанын айтты.
«Ұлт жоспарында көрсетілгендей, елімізде 12 жылдық бідім беру енгізіледі. 1-11 сыныптар толығымен жаңа бағдарламаларға көшкеннен кейін ғана 12 жылдыққа көшуді бастауымыз керек. 2021 жылы көшеміз деген жоспар бар және оны мемлекеттік бағдарлама жобасына қосып отырмыз», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу