8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Сәуір 2021 21536 0
«Жайық үні» — 30 жыл

ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ, ҚАҺАРМАН ҚАЛА!

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

 Отан – Ананы жау оғынан қорғаған қаhарман қала Волгоградты кім білмейді?! Кеңес Одағы жауынгерлеріне арналған Мамаев Курган ескерткішіне кім басын имейді?!
Иә, Отан үшін от кешіп, қыршынынан қиылған сан мыңдаған солдаттарды мәңгілік ұйқының құшағына алған қасиетті Волгоград қаласына 2012 жылы күзде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев бастаған бір топ делегация ресми іс-сапармен барған болатын. Тарихи өлкеге тағзым еткен болатын. Менің бүгінгі етжеңді мақалам батырларын ұлықтаған көне қаланың құрметіне арналады.

Автор.

«Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек,

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп,

Ер өлсе де еңбегін елі өлтірмес

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек… деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, ел басына қара бұлт үйірілген шақта адамзат баласын  жау оғынан қорғаған Волгоград қаласын кім білмейді? Кімдер қастер тұтпайды? Жүрегінде еліне, Отан-анасына деген құрметі мен сүйіспеншілігі бар жанның бәрі даңқты қаланың кешегі сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігін, батырлығын, өрлігін мақтан тұтады. 

Бабалар рухына  жетелеген жайдақ жол…

Осынау тарихи шаһарға бет алған ресми делагация өкілдерін 4 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастап, ұзақ жолға шықты.  Ұлы ерліктің  қаһарман қаласына бас иіп, Сталинград шайқасында өшпес ерлік көрсеткен сан мыңдаған боздақтардың аруағына  тағзым ету үшін де Ақ Жайықтың  атқа мінер азаматтары  алыс жолдың қиындығын сезсе де, сыр бермеді.  Төрт тегершігі дөңгеленген  көлікпен барды. Орал мен Волгоградтың қия шетте жатқанын ескеріп, бәлең шақырым жолдың азабы мен қиыншылығын айтпай-ақ түсінген Волгоград облысының лауазымды тұлғалары Нұрлан Асқарұлына тосыннан сауал тастады.

– Әлбетте біздің жаққа  басшылар тікұшақпен немесе жүрдек поездбен жетуші еді. Сіз, сонау алыс жолдан қалай жеттіңіз, немен келдіңіз?– деп сұрады  олар таңданыстарын жасыра алмай.

Мен бұл жаққа өз жолыммен келдім. Жолдың тым ұзақтығын да,  алыстығын да білемін. Мұндай киелі де қасиетті мекенге өз аяғыммен  жүріп келуді аға-ұрпақ алдындағы азаматтық борышым санадым» деп жауап берді өңір басшысы. «Ұлық болсаң кішік бол» дегендей, сыйлы қонақтың жауабына риза болған Волгоград облысының губернаторы Сергей Боженов сол сәтте қолға көп түсе бермейтін мейманның көрегендігі мен біліктілігіне таңқалды.

От шашқан түнгі Волгоград

Көрген де, көрмеген де арманға айналған Волгоградтың түні  қандай тамаша десеңізші! Қаланың айналасына от шашқан көркем келбетін көріп,   «түнінің өзі ертегідегідей ғажайып, ал күндізгі шаһар қандай болады екен» дедім тамсанып. Бейбіт заманның тыныштығын сезініп тәтті  ұйқыда жатқан волгоградтықтардың бақытты да шалтты тұрмысы жарқыраған оттарынан-ақ көрініп тұрғандай болды. Экономикасы өркендеген өңірдің көшелері мен даңғылдарында жұлдыздай жарқыраған қуат көздері.  Волжск ГЭС-ның шартарапқа тараған шамдары жанардың  жауын алады. Дауыл түгіл, табиғаттың тосын мінезіне де қайғырмайтын, қабырғасы мұқалмайтын зәулім құрылыстар қаншама? Қаһарман қаланың кірпіштен қаланған әрі тығыз орналасқан биік-биік үйлерінен бірлікті,  мықтылықты аңғаруға болады. Әлеуметі мен кәсібі қатар дамыған Волгоградтың түнгі оттары бізді осылай бір таңқалдырды.

Көңілге мұң ұялатқан Мамай қорған! 

Қыркүйектің бесі. Сағат таңертеңгі сегіз. Сіркіреп жауған жаңбыр шамалы уақытан соң сап тиылды. Біздің делегацияны кеше кешкісін күлімсірей қарсы алған волгоградтық өкілдер Мамаев қорғанындағы Сталинград шайқасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің тарихи-меморалдық ескерткіш кешеніне қарай бастап барды.  «Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші, алдымен боздақтарға тағзым етіп, рухтарына бас июді мақсат тұтқан алқалаған  әлеуметтің жанынан сол жердің тарихшылары да табылды.

Әрбір тасы, әрбір сүйем жері ерліктің дастанын шерткен Волгоградты, яғни Мамай қорғанын көрген сәтте көңілдерге мұң ұялады. Мәрмәр тастармен өріліп еңсе көтерген кең баспалдақтармен биіктен-биікке көтеріліп келеміз.

Осы сәтте қала әкімі Болат Әдиетұлы да жандүниесі елжіреп, тебіреніп, әкесінің тап осы Сталинград майданында қолына қару алып елін, жерін жаудан қорғағанын еріксіз еске алды.

– Сталинград қаласын қас дұшпаннан қорғауға менің әкем де қатысты. Менің әкемнің де тап осы Сталинградта ізі жатыр… 193-і атқыштар дивизиясының барлаушысы болған әкем қаладағы «Красный Октябрь» зауыты маңындағы шайқаста жан-тәнімен ерлік көрсетіп, бұршақтай  бораған жау оғына мойынсұнбай, орталықпен арадағы байланысты жалғап жатқан бірнеше сымдардың үзілген жерлерін жалғады. Сөйтіп, жан әкеміз жаудан қаймықпай Отанына адал қызмет етті. Осы Волгоград қаласындағы №35 мектептің мұражайында әкеме арналған бұрыш бар. Ол бұрышта әкемнің майданда киген киімдері, басқа да заттары сақтаулы тұр. Осы сапар барысында аталмыш мектепке барып, әкеме арналған бұрышты тағы да көріп шыққалы тұрмын, – деді журналистерге қала басшысы Болат Шәкімов.

Иә, бәрі де қаз қалпында қалғандай. Елуінші жылдардың соңында Сталинград шайқасына қатысқандардың құрметіне қойылған биіктігі 85 метрлік «Отан Ана шақырады» деген алып ескерткіш аспанмен таласып тұр. Волга жағалауындағы кескілескен ұрыс пен жеңістің куәсіндей болған «Қираған қабырғалар», «Қаһармандар алаңы», «Табандылықпен өлімді жеңдік», «Біз ажалдан қаймықпадық» сынды композициялық мүсіндердің есебі жоқ. Құмырсқадай белі бүгілсе де жаралы солдатты сүйемелдеген әйел бейнесі, соңғы рет айқасқа асыққан  жауынгер келбеті бәрі-бәрі тасқа қашалып салынған. Бұл көрністер адамды терең ойға батырады, жаныңды қайсарлық пен жігерлікке шақырады.

Екі жүз күн бойы от кешкен Сталинград шайқасын көзбен көргендей әсерде келе жатқан делегация мүшелері «Әскери даңқ залына» келгенде кілт тоқтады. Отыз төрт тудың бетіне есімдері жазылған, сұрапыл шайқаста мерт болған мыңдаған ерлерді еске түсіретін бұл залда азалы үн ойнап тұрды… Аға-ұрпақ қастерлеп өткен Ерліктің оты, яғни қуатты қолдағы факелде мәңгілік алау қып-қызыл болып жалындап тұр. Жалынының өзі жанарыңа еріксіз жас үйіреді. Зал іші тып-тыныш. Құрметті күзеттегі жауынгерлер тұр кірпіктерін қақпай! Осы Мәңгілік алауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барша Батыс қазақстандықтар атынан тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ құрметті меймандарға арналған қалың кітапқа өз қолтаңбасын жазды.

Нүркеннің ерлігі мәңгі есте! 

Қаруластар, майдандастар, қимастар жатқан бұл жерде капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіровтің де есімі мәңгілік қалғанын жамағат жақсы біледі. Делегацияның көшін бастап жүрген Нұрлан Асқарұлы  қарағандылық ұшқышты да ұмытпады. Айналасы жасыл шөп жамылған ескерткіш тақтаға арнайы аялдап Нүркен ағаны еске алып, басын иді.

Сталинград іргесіндегі Тростянск станциясынан 1942 жылдың 23 қазанында үйіне хат жазып, қолына тез ұшатын тікұшақ тигенін, егер жауды жоймаса, олардың бізді жоятынын айтқан» қазақтың қайсар ұлы  кескілескен ұрыста қыршынынан қиылған болатын.

Нүркеннің ұшқыштық шеберлігі соншалық, Алексей Писанко, Петр Бычукжанин және көмекшісі Саша Комиссаровпен достығы майданда қалыптасты. Ол жауынгерлік тапсырмамен 16 рет ұшқанда фашистердің он екі танкісін, 46 жүк пен оқ-дәрі тиеген көлігін, үш зеңбірігін, елу шақты солдаты мен офицерін жойды. Он жетінші рет жауынгерлік тапсырманы орындауға бел буған Нүркен Әбдіров Боковская–Пономаренко ауданындағы дұшпанның танкілері шоғырланған бекініске «ИЛ–2» тікұшақтар звеносын бастап барды. Бірақ Нүркеннің тікұшағына жау оқ төндірді. Отқа оранған ұшақтан секіріп те кетпеген Нүркен ақыр соңында асқан ерлікпен қаза тапты.   Өмір мен өлім белдескен тұста қазақстандық жауынгерлердің де ерлігі есте мәңгі сақталады,– деді бізді тарихи кешенің әр тасымен, боздақтардың әр бейітімен жіті таныстырған тарихшылар.

Тарихты түгел оқытқан мұражай

Бұдан соң  аталмыш делегация  Волга жағалауындағы «Сталинград шайқасы» мұражайына бас сұқты. Үлкен дәлізде бір топ солдат жауынгерлік жаттығуларын жасауда. Олар сап түзеп, соғыс жылдарындағы әндерді шырқауда. Бұл шынайы көрністің өзі кім-кімге де патриоттық сезім сыйлайды. Көп қабатты мұражай іші де кең әрі жарық. Мұнда сан мыңдаған жауынгердің соғыста киген шенелдері,  ұстаған қару-жарақтары, тұтынған заттары, май шамдары, қалам-қағаздары, тіпті керзі етіктеріне дейін қойылған.  Жоғары қабаттың қабырғаларында қан майданның, ұрыс даласының әр сәтін көз алдыңа кино лентадай елестеткен скульптуралы көркем дүниелер. Ормандар мен бомбаның астында қалған кішігірім үйлер түрлі –түсті суреттермен безендірілген. Кәдімгідей соғыс… Кәдімгідей қираған қалалар… Осынау көрністерге ұзақ-ұзақ көз тоқтата қарап, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихты түгел оқып шыққандай болдық.

Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп жаңғырып,

Кетпейді естен асыл ер!

Еліміздің азаттығы мен бостандығы үшін, бейбіт заман үшін қан төгілген  қасиетті мекен- қаһарман қала төріндегі Батырлар даңқы мәңгі жасап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас бола бермек…

Сәтін салған сапар…

«Сабақты ине сәтімен» демекші, толқыны тулаған Волга жағалауындағы Волгоград қаласына барған сапарымыз сәтті аяқталды. Елдің бүгіні мен ертеңін, болашағын болжаған өңір басшылары экономикамызды өркендету мақсатында қолға алған тың жоспарларын жүзеге асырып, Волгоград облыстық үкімет үйінде әріптестерімен ой бөлісті. Волгоград облысының губернаторы Сергей Боженовтей азаматтар мен Эльвира Лагутинадай ханымдардың  Батыс Қазақстан облысымен кәсіпкерлік байланысты нығайтып, қанатын кең жайып жұмыс істеулеріне деген құлшыныстары қуантты. Бәсекеге қабілетті елдердің бизнесін айшықтайтын келісімдерге де қол қойылды. Осындай жылы жүздесулер бұдан соң «Достық» үйінде де жалғасты. Мақсаты айқын, бағыты анық бұл сапар кешікпей өз нәтижесін көрсетпек.

 Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,

Орал–Волгоград-Орал 

«Жайық үні»

2012 жыл

Елена Ломакина, «Сталинград шайқасы» мұражайының  бөлім меңгерушісі:

– Бұл мұражайға әр елдің түкпір-түкпірінен күніне бірнеше адам келіп-кетеді. Бүгінде Волгоград қаласынан бұрын қираған құрылыстарды кездестіре алмайсыз. Оларды тек деректі киноленталардан, қорғаныс музейіндегі суреттерден көруге болады. Бұл мұражай да Сталинград шайқасы қаһармандарына қойылған ескерткіштерден сыр шертеді. Жауынгерлік  ерліктері үшін Сталинградтың жеті жүз мыңнан астам қорғаушылары орден-медальдармен марапатталды. Солардың дені біздің мұражайда сақталған. Бұған қоса, мұнда алыстан арнайы тағзым ете келген шетелдік демалушылардың да ескерткіш сыйлықтары бар.

Асхат Сыздықов, Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшісі:

Ресейде бес жылдан бері елшілік қызмет атқарып келемін. Көршілес жатқан Ресей мен Қазақстаның арасындағы достық қарым-қатынасқа дән ризамын. Бұл жақтағы қандастарымыз ұлттық салт-дәстүрін сақтайды, тілі мен мәдениетін құрметтейді. Мынау атақты қалаға, Мамай қорғанға арнайы келіп, боздақтар рухына тағзым етіп, тығыз-таяң уақытта тарихқа да ден қойып, халқының ерлігін ұлықтап жатқан жергілікті басшыларыңыз Нұрлан Асқарұлы мен Болат Әдиетұлына және делегация құрамына ризашылығымды білдіремін. Осындай достық қатынасымыз нығайып, іргеміз сөгілмей, амандықта жүздесе берейік.

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
153 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
183 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
438 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
918 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1295 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1654 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2272 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2444 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2495 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2498 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2095 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2977 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3029 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3024 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3641 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3606 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3597 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3733 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»